Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы «Астана» халықаралық қаржы орталығының салық режимінің салық ашықтығының жаһандық стандарттарына сәйкестігін хабарлады

Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы (ЭЫДҰ) өзі жариялаған есебінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) салық режимінің салық ашықтығының жаһандық стандарттарына сәйкестігін хабарлады. Бұл АХҚО-ның салықтық ашықтық бойынша ғаламдық талаптарға сай екендігін аңғартады.

ОЭСР мәліметтеріне қарағанда, пайданы салықтан жалтарту және ішкі салықтық базаны көрсетпеу жолындағы әрекеттердің  (Base Erosion and Profit Shifting, или «BEPS») кесірінен әлем елдері жылына 100–240 миллиард АҚШ долларынан қағылады, ал бұл дегеніңіз корпорациялардың табыстан алынатын салығының әлемдік табысының 4–10%-на тең. Бұл – елдердің  салық жүйелері арасындағы сәйкессіздік пен ақтаңдақтарды теріс пайдаланудың  кесірі.

Осы мәселелерді шешу үшін 2016 жылы ОЭСР G20 елдерімен бірлесе отырып, пайданы салықтан жалтарту және ішкі салықтық базаны көрсетпеу жолындағы әрекеттермен күресу үшін Инклюзивтік бағдарлама дайындады.

Қазіргі күні Бағдарлама аясында 135 ел мен арнайы құзыретке ие орталықтар  салық төлеуден жалтарумен күресте 15 іс-шараны жүргізіп отыр. Бұл іс-шаралар халықаралық салық ережелері арасындағы ымыраны арттыруға, барынша ашық салық жүйе жасауға, және экономиканы цифрландыру кезінде кезігетін салықтық мәселелерді шешуге бағытталған.

ОЭСР Қазақстанның (BEPS) талаптарына сай болуы үшін АХҚО-ға «экономикалық қатысу» енгізуге ұсыным жасады. Осыған орай  АХҚО қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесе отырып,  корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын төлеу бойынша салықтық жеңілдіктерді қолданатын АХҚО қатысушыларының қатысы туралы Ережелер қабылдаған. Ережелерге сәйкес, корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын төлеу бойынша жеңілдіктердің әсерін көріп отырған АХҚО қатысушылары өздерінің АХҚО-да қатысушы екенін растаулары тиіс. Ол үшін қатысушылар өз іс-әрекеттері арқылы АХҚО-ға табыс әкелетін қызмет түрлеріне қатысты талаптардың орындалуын, сондай-ақ келтірілген шығындар мен жұмылдырылған штаттық қызметкерлердің саны қызмет көлеміне сәйкес болуын растаулары қажет.

 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 64 елден 1400-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz 

 

AIFC AI assistant