АХҚО-да тіркелген заң компанияларының өкілдері АХҚО-ның Заң қызметтерін реттеу кеңесіне кіруге өтінім бере алады
АХҚО-да тіркелген заң компанияларының өкілдері АХҚО-ның Заң қызметтерін реттеу кеңесіне кіруге өтінім бере алады.
Бұл туралы АХҚО-да заң мамандығын реттеудің ұсынылған режімін таныстыру сессиясының аясында белгілі болды. Сессия АХҚО-да заң қызметтерін көрсететін АХҚО қатысушылары, сондай-ақ басқа да әлеуетті қатысушылар-заңгерлер үшін өткізілді.
Іс-шарада АХҚО әкімшілігінің, АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің және АХҚО Құқық академиясының өкілдері сөз сөйледі. Олар ұсынылып отырған режім аясында белгіленетін қаржы орталығының аумағында заңгерлерді тіркеу мен реттеудің талаптармен, сондай-ақ заңгерлердің біліктілігі мен кәсіби дамуына қойылатын талаптармен бөлісті.
Реттеудің жаңа режімі АХҚО-да заң қызметтерін көрсету кезінде құзыреттіліктің, этиканың және адалдықтың жоғары кәсіби стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталады.
Сондай-ақ, АХҚО-ның Заң қызметтерін реттеу кеңесіне кіруге өтінім беру үшін қойылатын талаптар айтылды. Кандидаттардың заң саласында басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі болуы, ағылшын тілін жақсы білуі, заң саласында мінсіз беделге ие болуы және халықаралық құқықтық рейтингтерде мойындалуы керек.
Өтінім беру үшін кандидаттар өздерінің түйіндемесі мен ілеспе хатты 2022 жылғы 30 наурызға дейін [email protected] пошта мекенжайына жолдауы керек.
Анықтамалық ақпарат:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz