АХҚО-ны өңірлік кеңейту: Қырғызстанда Жасыл қаржы орталығының алғашқы еншілес компаниясы құрылды

Қырғыз қор биржасының алаңында «Астана» халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы (ЦЗФ), сондай-ақ «Айыл Банк» ААҚ, «Қырғыз қор биржасы» ЖАҚ, «Қырғызстан банктерінің одағы» ЗТБ құрған бірлескен компания «GFC Bishkek»-тің таныстырылымы өтті.

«GFC Bishkek» компаниясын құру туралы келісімге Тараптардың Премьер-Министрлерінің қатысуымен Бішкек қаласында Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 10-шы отырысы аясында 2022 жылғы 29 сәуірде қол қойылды.

«GFC Bishkek» таныстырылымымен ЖҚО Бас директоры Айдар Қазыбаев сөз сөйледі. Ол «GFC Bishkek»-ті құрудың негізгі мақсаты орнықты қаржыландыру саласында ЖҚО-ның үздік практикасын, сондай-ақ жалпы АХҚО-ның тәжірибесін ілгерілету екенін атап өтті. «GFC Bishkek»-тің орнықты қаржыландыру құралдарын енгізу бойынша қызметі болашақта Бішкекті орнықты даму нарығының, оның ішінде Қырғызстанның жасыл экономиканы дамытудағы елеулі әлеуетінің арқасында «жасыл» орталықтар тізіміне қосуға мүмкіндік береді.

«Айыл Банк» ААҚ Басқарма төрағасы У.А. Букабаев «Айыл Банк» Қырғызстанда ауыл шаруашылығын несиелендіру саласында 26 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқанын және осы кезеңде банк үшін жасыл экономика дамудың маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Іс-шара аясында негізгі акционерлердің компанияның Құрылтай шарты мен Жарғысына қол қою рәсімі өтті. Іс-шараға Қырғыз бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты.

 

Анықтамалық ақпарат

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу.

www.aifc.kz

АХҚО жасыл қаржы орталығы – бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО-ның ұйымы. Негізгі мақсат – жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы орнықты экономикаға инвестициялар тарту.

Бұдан басқа, АХҚО Жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және орнықты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant