Қазақстандағы ЖЭК: ағымдағы жай-күйі, әлеуеті, қаржыландыру тетіктері

Осы есептің негізгі мақсаты – таза энергетикаға көшудің маңыздылығы және елдегі ЖЭК саласының жай-күйі туралы көпшілікке ақпарат беру, сондай-ақ әлеуетті инвесторларды ЖЭК жобаларын қаржыландыру құралдары, оның ішінде АХҚО Жасыл қаржы орталығының (ЖҚО) қолдауымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында жасыл облигациялар шығару арқылы осындай жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі туралы хабардар ету.

Әлемдегі парниктік газдар шығарындылары мен ауаның ластануының негізгі көздерінің бірі – энергетика саласы. Атап айтқанда, Қазақстандағы барлық парниктік газдар шығарындыларының шамамен 75%-ы осы секторға тиесілі. Қазақстан Париж келісімі шеңберінде парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерді алды, сондай-ақ 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы қабылданды. Осы мақсаттарға қол жеткізуге, соның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға көшу арқылы экономиканы декарбонизациялау процесі елеулі үлес қоса алады.

Күн, жел және гидроэнергия сияқты жаңартылатын энергия көздері СО2 шығарындыларынсыз немесе өте аз мөлшердегі шығарындылармен электр энергиясын өндіреді, бұл оларды декарбонизация процесінің маңызды бөлігіне айналдырады. ЖЭК-ке көшу қазіргі уақытта жаһандық деңгейде қарқын алуда. Мәселен, әлемдегі жалпы белгіленген қуаттағы 2022 жылы қосылған ЖЭК-тің үлесі 83%-ды құрады.

Қазақстан Үкіметі ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясының бірыңғай сатып алынуын қамтамасыз етіп, салықтық және кедендік жеңілдіктер, мемлекеттік заттай гранттар бере отырып, ЖЭК жобаларын белсенді қолдап келеді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының соңында елде белгіленген қуаты 2500 МВт-тан асатын 133 ЖЭК объектісі жұмыс істейді, бұл объектілердің жұмысы 2018 жылдан бастап аукциондық сауда-саттық тетігінің енгізілуінің арқасында мүмкін болды, бұл тетіктің енгізілуі инвесторлар тарапынан ЖЭК жобаларына сұраныстың артуына ықпал еткен болатын. 2023-2027 жылдар ішінде шамамен 6770 МВт-ты құрайтын ЖЭК-тің белгіленген қуатын аукциондық сауда-саттыққа шығару жоспарлануда.

АХҚО-ның негізгі міндеттерінің бірі – төмен көміртекті экономикаға көшу процестерін қоса алғанда, орнықты даму мақсаттарына жәрдемдесу, жасыл инвестицияларды тарту және қолдаушы қаржылық экожүйені құру.

АХҚО Жасыл қаржы орталығы Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл және орнықты қаржыны дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылды. Қазіргі уақытта бұл орталық Капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы (ICMA) және Climate Bonds Initiative таныған өңірдегі жалғыз верификатор болып саналады. Жасыл облигациялар алғаш шығарылған сәттен бастап 3 жыл ішінде жасыл қаржы нарығы 169 млрд теңгеге дейін өсті, оның үштен екісі Жасыл қаржы орталығы тарапынан тексеруден өтті. Елімізде оларды қаржыландыру үшін жасыл облигациялар шығарылатын жобалардың негізгі түрлерінің бірі – ЖЭК жобалары. Елдегі ЖЭК-тің жай-күйі және ЖЭК жобалары үшін жасыл облигациялар шығару туралы толығырақ осы сілтеме арқылы өтіп білуге болады.

AIFC AI assistant