АХҚО Жасыл қаржы орталығының өкілдері «Ғылым қоры» АҚ-мен кездесу өткізді

2021 жылы 21 қаңтарда Бас директор Айдар Қазыбаев бастаған АХҚО Жасыл қаржы орталығының (бұдан әрі – Орталық) өкілдері «Ғылым қоры» АҚ-ға (бұдан әрі – Қор) барып, Басқарма Төрағасы Арын Орсариевпен кездесу өткізді, ол Қордың қолдауымен өз өнертабыстарын өнеркәсіптік өндіріске енгізу мүмкіндігіне ие болған қазақстандық ғалымдардың әзірлемелерімен кеңінен таныстырды.

Қазақстандық ғалымдар мен практиктердің әзірлемелері үлкен қызығушылық туғызды және жаңа шешімдерді коммерцияландыруға және Қорға көмек көрсетудің басқа да мүмкіндіктеріне жәрдемдесу мақсатында Орталық пен Қор арасында тығыз ынтымақтастық орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Атап айтқанда, А.Қазыбаев Қордың қолдауымен құрылған компанияларды АХҚО қатысушылары ретінде тіркеу үшін АХҚО алаңын пайдалануды ұсынды, бұл оларға оның басқа қатысушылармен, соның ішінде шетелдік қатысушыларымен де өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндік береді.

Болашақта мұндай өзара іс-қимыл инвестицияларды тартуға да, жасалып жатқан өнімдерді коммерцияландыруға да жәрдемдеседі.

Кездесу қорытындылары бойынша бірлескен жұмысты жандандыру үшін жақын арада меморандум жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді. aifc.kz

AIFC AI assistant