Саха Республикасының басшысы АХҚО қызметімен танысты
Қазақстан Республикасына сапары аясында Республика басшысы Айсен Николаев бастаған Саха Республикасының (Якутия) делегациясы «Астана» халықаралық қаржы орталығына (бұдан әрі – АХҚО, Орталық) барды. Делегацияны АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров қарсы алды.
Делегация құрамында Саха Республикасының Сыртқы байланыстар және халықтар ісі жөніндегі министрі, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің Якутскідегі өкілі, Саха Республикасы Басшысының әкімшілігі және Саха Республикасы Үкіметі Басшысының орынбасары және т.б. болды.
Сапар барысында қонақтар жалпы құқық қағидаттары мен нормаларына негізделген АХҚО-ның ерекше құқықтық режимімен, АХҚО-да қолданылатын салықтық преференциялармен және визалық жеңілдіктермен, сондай-ақ юрисдикция артықшылықтары мен орталықтың жетістіктерімен танысты.
Делегацияға АХҚО органдары мен ұйымдарының – Биржаның, соттың және халықаралық төрелік орталықтың, қаржы қызметтерін реттеу комитетінің, Техникалық хабтың, жасыл қаржы орталығының және т. б. жұмыстары ұсынылды.
Сапар қорытындысы бойынша екіжақты кездесу өтті, оның шеңберінде бірлескен жобаларды дамыту арқылы ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Анықтамалық ақпарат:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.