2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы: Қазақстан үшін мүмкіндіктер мен тәуекелдер
Ұлттық ESG клубының төрағасы, АХҚО Жасыл Қаржы орталығының Бас Директоры Айдар Қазыбаев World Investor Week 6-шы жыл сайынғы қаржы конференциясы аясында төртінші Климаттық диалогтың пікірталас алаңына қатысты.
Пікірталас алаңын Жасыл Академия Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі мен Халықаралық сауда орталығының (ITC) қолдауымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қоғамдық бірлестіктері, халықаралық ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ сарапшылардың қатысуымен ұйымдастырды.
Талқылау мақсаты Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының жобасын талқылау болды.
Айдар Қазыбаев өз сөзінде Стратегия жобасын әзірлеудің маңыздылығын атап өтіп, оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін 3 негізгі шартты белгіледі.
Біріншіден, Стратегия Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының негізгі экономикалық құжаты болуға тиіс, ол дамудың сызықтық моделінен циклдық моделіне немесе тұйық экономика моделіне көшуді көздейді. Стратегияның қабылдануымен ағымдағы экономикалық бағдарламалар, фискалдық саясат және бизнестің жол карталары қайта қаралуы керек. Мысалы, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар өндірістік ресурстарға, ал орман алқаптары сіңіргіш әсері бар экономикалық активтерге айналуы керек.
Екіншіден, стратегиялық бағдарлар мен іске асырудың нақты өзара тәуелді кезеңділігі белгіленуі тиіс. Мысалы, қай жылдан бастап тұрмыстық мақсатта пластикке тыйым салу, алауды жағуға толық тыйым салу және т.б. енгізіледі.
Үшіншіден, Стратегия бизнесті төмен көміртекті бизнесті жүргізуге ынталандыруы керек. Ол үшін төмен көміртекті дамуға көшу немесе ең үздік қолжетімді технологияларды тарту кезінде бизнесті мемлекеттік ынталандыру және қолдау шаралары нақты белгіленуі тиіс. Тіпті агросекторлық субсидиялар да ESG факторларын зиянды химиялық тыңайтқыштарды пайдаланбау үшін ескеруі қажет. Сонымен қатар, Стратегия экологиялық таза өндірістерді құру үшін жаңа мүмкіндіктер ашуы керек.
Соңында А. Қазыбаев АХҚО Жасыл қаржы орталығының тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету, атап айтқанда, ұлттық ESG клубын құру, ESG рейтингін құру және АХҚО базасында көміртегі бірліктерінің сауда-саттығын бастау мәселелерін пысықтау жөніндегі жобалары мен бастамалары туралы айтып берді.
Анықтама:
Ұлттық ESG клубы 2022 жылғы 28 шілдеде Astana Finance Days 2022 шеңберінде құрылды және өз салаларында ESG-трансформацияның көшбасшылары болып табылатын 19 компанияны біріктірді. Бүгінгі таңда клуб құрамына 30 компания кіреді.
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту.
Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.