«Бас экономистермен сұхбат: теңсіздікті азайту» сессиясының қорытындысы

Жыл сайынғы «Astana Finance Days» конференциясы аясында халықаралық даму банктерінің бас экономистерінің қатысуымен сессия өтті, ол талқылауда басты назар елдің ішіндегі және елдер арасындағы теңсіздік мәселесіне, сондай-ақ иклюзивті даму мен орнықты өсуге жағдай жасаудың ықтимал жолдарына аударылды. 

Өткен жылдардағы жетістіктерге қарамастан, пандемиядан кейін күшейе түскен теңсіздік проблемасына қатысты елеулі алаңдаушылық әлі де бар және ол дамушы елдер үшін ғана емес, сонымен қатар табысы жоғары елдер үшін де өзекті екендігіне келіп тоғысты. 

Сессияда спикерлер теңсіздікпен күресудегі халықаралық ұйымдардың рөлі мен тәсілдері туралы айтты, сондай-ақ сарапшылар өкілдік ететін әрбір институттың, яғни Азия даму банкінің, Америкааралық даму банкінің, Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің және Еуропалық тұрақтандыру тетігінің теңсіздікті азайту саласындағы қызметінің түйінді бағыттарын ұсынды. Осылайша, сессияда теңсіздік проблемасы тек жаһандық деңгейде ғана емес, нақты өңірлер аясында да баяндалды.

Елдердің үкіметтері тарапынан шұғыл әрі батыл әрекет ету қажет. Дегенмен, фискалдық кеңістіктің тарылуын, сондай-ақ әлемдегі қазіргі макроэкономикалық және геосаяси проблемаларды ескере отырып, үкімет шаралары өте тиімді болуы керектігін атап өтті.

Сессия барысында цифрландыру мен теңсіздіктің өзара байланысы да бағаланды. Интернетке, технологияға және цифрлық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету маңызды, өйткені бұл адамдар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және инклюзивті даму үшін жағдай жасайды. Доктор Альберт Пак жаһандану мен адами капиталға инвестициялаудың өсу мен теңсіздікті азайтудың драйверлері ретіндегі рөлін атап өтті.

Astana Finance Days 2022 бас демеушісі – Eurasian Resources Group (ERG).

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

AIFC AI assistant