Тұрақты даму және инновациялар бойынша Екінші Орталық Азиялық ғылыми форум «Астана» ХҚО кешенінде өтті.
Ағымдағы жылдың 4 сәуір күні Ұлыбританиядағы Қазақстан PhD қауымдастығының ұйымдастыруымен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Astana International Campus алаңында Тұрақты даму және инновациялар бойынша Екінші Орталық Азиялық ғылыми форум өтті.
Форумның мақсаты – Қазақстандағы және Ұлыбританиядағы қазақстандық ғалымдардың ғылыми жобаларына мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардың назарын аудару, ғалымдардың Қазақстан мен Орталық Азияның тұрақты дамуына бағытталған жобаларын жүзеге асыруға мүдделі серіктестер табуына сеп болу.
Іс-шара барысында жас ғалымдар өздерінің озық жобаларымен таныстырып, қазақстандық және британдық университеттері арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге және байланыс орнатуға, сонымен бірге химиялық және тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм, энергетика, білім беру және инфрақұрылымдық даму сияқты бағыттар бойынша зерттеу қызметін ынталандыруға бағытталған форумның күн тәртібіндегі өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндігін талдады.
Тұрақты даму және инновациялар бойынша Екінші Орта Азиялық ғылыми форум Қатысу аумағында тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін зерттеу қызметі мен үздіксіз кәсіби дамудың құндылығы мен маңыздылығына көңіл бөлетін ҚР Бірінші Президенті Қоры мен АХҚО-ның белсенді қолдауымен өтті. Форум барысында Ұлыбританиядағы Қазақстандық PhD қауымдастығы мен АХҚО бюросы (BCPD, Ltd) арасында келісім жасалды, оның шеңберінде АХҚО негізгі бағыттары бойынша ғылыми және зерттеу қызметтері бойынша ынтымақтастық жасау жоспарланып отыр.
«АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Ернұр Рысмағамбетов: «BCPD, Ltd» сияқты АХҚО-ның құзыреттілік орталығы және үздіксіз кәсіби даму шеңберінде ынтымақтастық жасау алаңы бола отырып, біз жас ғылымдармен ынтымақтастық жасауға ризамыз. Әрбір докторант Astana International Campus алаңында өз жұмыстарын таныстырып, өз пікірлерімен бөлісе отырып, Қазақстан мен барлық Аумақ бойынша ғылыми және зерттеу қызметін жүргізе алады, – деп атап өтті.
«Бүгінгі күні Ұлыбританияда Қазақстаннан келген 80-нен астам докторант әртүрлі мамандықтар бойынша білім алуда. Осы алаң екі елдің жас ғалымдарының ғылым мен білім саласындағы өзара ықпалдастығына көмектесу, сонымен бірге инвесторлар мен жобалар арасында диалогты қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Қазақстанда АХҚО алаңында алғаш рет өткізіліп отырған форум әрбір нағыз ғалымның елімізде инвесторлар үшін идеяларын үздіксіз ұсына алуы және Қазақстанның инновациялық экспорттық өнімін жасауы үшін қажет», – деді Ұлыбританиядағы Қазақстандық PhD қауымдастығының басшысы Алия Сембаева.
Фото: zakon.kz
Сұраулар:
BCPD Ltd. «Астана» халықаралық қаржы орталығының эко-жүйесінде және ашық нарықта жұмыс істейтін білікті кадрлердің қатарын арттыру үшін және жергілікті мамандардан халықаралық кәсіби маман деңгейіне дейін өскен кәсіпқойлар қосынын (пул) қалыптастыру үшін үздіксіз кәсіби даму саласындағы әлемдік озық тәжірибелерді пайдалана отырып, халықаралық кәсіби сертификациялауға дайындық жұмыстарын жүзеге асырады.
Astana International Campus (AIC) ЭКСПО аумағындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының инфрақұрылымына кіреді, бұл – «Астана» халықаралық қаржы орталығы Бюросының (BCPD Ltd) халықаралық және жергілікті әріптестеріне арналған кәсіби интерактивті мультимедиялық алаңқай. AIC қызметі үздіксіз кәсіби даму, адам капиталын дамыту, тақырыптық жобаларды жасауды көздейтін бастамашылдықты қолдауға және тиімді ықпалдастыққа арналған кәсіби алаңқайлар ұйымдастыруға бағыталған. Бұл ықпалдастық 5000 кәсіби көшбасының қолдауымен, мүдделі тараптар мен әріптестерден құралған 10 000 кәсіби маманның өзара ықпалдастығы арқылы жүзеге асады әрі Ed-tech озық технологияларын қолдана отырып, үздіксіз кәсіби даму нарығын кеңейтуге үлес қосады.
Ұлыбританиядағы Қазақстан PhD қауымдастығы 2017 жылдың қараша айында құрылған, бұл қауымдастық Қазақстан мен Ұлыбритания елдері ғалымдарының ғылым мен білім салаларындағы ықпалдастығын арттыруды, сондай-ақ Қазақстанның қажеттілігін ескере отырып, тұрақты дамуға арналған ғылыми негіздегі жобаларды жасауды және оларды жүзеге асыруды көздейді. Бұл қауымдастық – бүгінгі таңдағы қазақстандық ғалымдардың шетелдегі аса ірі бірлестігі, оған Ұлыбритания мен Ирландияның ең озық университеттерінде білім алып жатқан докторанттар мүше.