Визасыз режимді уақытша тоқтата тұру
Үкімет Қазақстанға кіру және кету үшін Қазақстандағы визасыз режимді 2020 жылдың 1 қарашасына дейін тоқтата тұру туралы қаулы қабылдады. Құжаттар Премьер-министрдің сайтында жарияланған.
Шешім «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының ережелеріне сәйкес қабылданды.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің ережелерінің 17-тармағының қолданысын» 2020 жылдың 1 қарашасына дейін тоқтата тұру.
Ереженің 17-тармағына сәйкес, келесі елдердің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады және кете алады, егер олардың елде болуы мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспаса: Аустралия, АҚШ, Австрия, Бахрейн, Бельгия, Болгария, БАӘ, Ватикан, Вьетнам Германия, Грекия, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Индонезия, Италия, Канада, Қатар, Кипр, Колумбия, Оңтүстік Корея, Кувейт, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Мажарстан, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Нидерланды, Норвегия, Оман, Польша, Португалия, Румыния, Сауд Арабиясы, Сингапур, Словакия, Словения, Таиланд, Түркия, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция және Эстония.
Сонымен қатар, 26-1-тармаққа түзетулер мен өзгертулер енгізілді, оған сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз халықаралық әуежайлары арқылы өтетін Қытай және Үндістан азаматтары үшін Қазақстанға кірудің, болудың және кетудің 72 сағаттық визасыз режимі жойылды.
ТОЛЫҒЫРАҚ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН КЕЛЕСІ БӨЛІМГЕ ӨТІҢІЗ!