АХҚО Жасыл қаржы орталығы Беларусь Республикасының мемлекеттік органдарына кейіннен жасыл қаржыландыру құралдарын іздеу үшін жасыл жобаларды іріктеу бойынша консультациялық қолдау көрсетеді

2021 жылғы 23 тамызда АХҚО Жасыл қаржы орталығының (бұдан әрі – Орталық) Бас директоры Айдар Қазыбаев пен Орталықтың бизнесті дамыту жөніндегі директоры Манас Гиждуаниев жұмыс сапарымен Минск қаласына барып, Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің дебюттік жасыл облигацияларын орналастыру жөніндегі мәселелерді талқылау мақсатында Беларусь Республикасының Қаржы министрі Ю.Селиверстовпен және Беларусь Республикасы Қаржы Министрінің орынбасары О.Тарасевичпен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, Орталық өкілдері негізгі міндетіне Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің шығарылуы жоспарланып отырған жасыл облигациялар шеңберінде одан әрі қаржыландыру үшін қолайлы жасыл жобаларды іріктеу кіретін Беларусь Республикасының жасыл қаржыландыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Беларусь Республикасының мемлекеттік органдарына жасыл қаржыландыру құралдарын іздеу үшін жасыл жобаларды іріктеу бойынша орталық тарапынан консультациялық қолдау көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Осы орайда Орталық бұл бағыт бойынша Беларусь Республикасының экологиялық бағдарламаларына талдау жүргізуді, сондай-ақ қаржыландырудың көлемі мен ықтимал көздерін айқындауды жоспарлап отыр, осылайша бұл жұмыс Париж келісімінің негізгі ережелерін іске асыруда Беларусь Республикасына қажетті практикалық қолдау көрсетеді.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚОның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтидыwww.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

AIFC AI assistant