Банктер үшін ESG болашағы қазірдің өзінде осында

2024 жылдан бастап Қазақстандағы банк секторының жыл сайынғы стресс-тестілеу процесіне ESG-тәуекелдерді қосу жоспарлануда.

Банк секторындағы ESG тәжірибелер, қаржы реттеушілерінің жоспарлары, есептіліктің жаңа стандарттары және климаттық тәуекелдер Astana Finance Days шеңберінде өтіп жатқан Жасыл өсу форумында “Банкингтегі ESG-ң трансформациялық әлеуеті және климаттық тәуекелдер” сессиясы шеңберінде талқыланды.

Климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерге сенімді және тұрақты қаржы жүйесі төмен көміртекті экономикаға біртіндеп көшуді қамтамасыз етуде және экологиялық тәуекелдердің ықтимал әсерін жұмсартуда негізгі рөл атқарады. Сессияда осы және де тұрақты қаржыландыру жүйелерін үйлестіру үшін бірыңғай таксономия негіздерін құрудың маңыздылығы туралы G20 тұрақты қаржы бойынша тобының тең төрағасы, Қытайдың жасыл қаржы комитетінің Төрағасы, Пекин қаржы және тұрақты даму институтының негізін қалаушы және президенті доктор Ма Джун айтты.

Орталық Азия бойынша «Белдеу және жол» бағдарламасы үшін жасыл инвестициялар қағидаттары офисінің басшысы Ясин Анвар қаржы институттары үшін қағидаттардың рөлін атап өтті.

Пәкістан Мемлекеттік банкі басқарушысының орынбасары Сима Камил банкілер арасында жасыл несие және климаттық стресс-тестілеу бойынша нұсқаулықтарды енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Мадина Абылқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрайымы екінші деңгейлі банкілер үшін экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару бойынша нұсқаулықтарды енгізу жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, Төраға Агенттік қаржы секторында ESG-стандарттарын енгізу жөніндегі жол картасын әзірлегенін атап өтті, ол бірінші кезеңде қаржы ұйымдарының ESG-тәуекелдері мен олардың әсері жөніндегі ақпаратты ерікті түрде ашуы жөніндегі ұсынымдарды қамтиды. 2024 жылдан бастап ESG тәуекелдерін банк секторының жыл сайынғы стресс-тестілеу процесіне қосу жоспарлануда. Абылқасымова ханым Қазақстанда 5 банк тұрақты даму бойынша жылдық есептілігінде ESG-ақпаратын ашуды жоғары деңгейде жүзеге асырып жатқанын айтты.

“Тұрақты даму стандарттары жөніндегі халықаралық кеңес (ISSB) тұрақты даму саласындағы ақпаратты ашу стандарттарының 2 жобасын әзірледі, олар қазір консультациялар үшін ашық”, — деді Рави Абейвардана, ХҚЕС Қорының техникалық директоры. Кеңес алынған пікірлерді қарастырғаннан кейін, ол компаниялардың қаржылық есептілігінің міндетті бөлігі ретінде тұрақты даму саласындағы ақпаратты ашу стандарттарын түпкілікті пысықтауды қарастырады. Сонымен қатар, Абейвардена мырза маусым айының соңында ISSB Value Reporting Foundation шоғырландыру аясында SASB стандарттарын шоғырландыратынын атап өтті. “SASB стандарттары стандарттар жобаларындағы ақпаратты ашуға қойылатын салалық талаптардың негізін қалады және инвесторларға тұрақты дамуға қатысты ақпаратты ашқысы келетін компаниялар үшін жақсы бастама болып табылады. Инвесторларға қарағанда стейкхолдерлердің неғұрлым кең ауқымы үшін ақпаратты ашуға ұмтылатын компаниялар үшін GRI стандарттары өзекті болып қала береді”, – деп атап отты Абейвардена мырза.

Орталық Азия бойынша Белдеу және жол үшін жасыл инвестициялар қағидаттары офисінің шеңберінде АХҚО Жасыл қаржы орталығы тұрақты қаржыландыру нарығын дамыту бойынша жұмысты жалғастырады және көрсетілген есептілік стандарттарын енгізу, сондай-ақ екінші деңгейлі банкілер үшін экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді есепке алу бойынша семинарлар сериясын өткізуді жоспарлап отыр.

 

Astana Finance Days 2022 конференциясының бас демеушісі – Eurasian Resources Group (ERG).

 

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚОның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді

www.gfc.aifc.kz

 

AIFC AI assistant