Орталық Азия нарығының мүмкіндіктері Ұлыбританияның заңды қоғамдастығына ұсынылды
Astana Finance Days жыл сайынғы конференциясы қарсаңында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) TheCityUK, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі және Kazakh-British Society-нің қолдауымен Ұлыбританияның заң және бизнес қауымдастықтары үшін «Орталық Азиядағы жаңа мүмкіндіктерді аш» атты онлайн іс-шара ұйымдастырды.
Ұлыбританияда орналасқан заң фирмалары мен компанияларының өкілдеріне АХҚО юрисдикциясын дамытудың негізгі бағыттары ұсынылды. Сонымен қатар, спикерлер қаржы орталығының артықшылықтары мен ішкі нарықтағы инвестициялық ахуалдың жай-күйі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Ұлыбританияның заң және бизнес-қоғамдастығының өкілдеріне АХҚО алаңын бизнесті дамыту мен кеңейтудің жаңа мүмкіндіктері ретінде қарау ұсынылды.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.