Astana Finance Days алаңында өткен Жасыл өсу форумы аясында Қазақстанда әлеуметтік таксономияға көшу мәселесі талқыланды

Жасыл өсу форумы аясында 2022 жылғы 28 маусымда “Қазақстанда әлеуметтік таксономияға көшу” панельдік сессиясы өтті, онда ESG-қаржыландыру нарықтарына арналған әлеуметтік жобалар таксономиясының жобасы талқыланды.

Пікірталастың басты тақырыбы тұрақты қаржыландыру нарығын одан әрі дамытуға жәрдемдесу үшін АХҚО Жасыл қаржы орталығы әзірлеген және таныстырған Қазақстанға арналған әлеуметтік таксономия (әлеуметтік жобалар жіктеуіші) жобасы болды. Әлеуметтік таксономиялар, Жасыл таксономиялардан кейін, Еуропалық Одақтың жетекші рөлімен қаржыландыру үшін тұрақты жобаларды жіктеудегі келесі кезеңге айналды.  Әлемдегі әлеуметтік облигациялар нарығы соңғы екі жылда пандемияға байланысты 5 есе өсті және 867 миллиард долларға жетті.

Қазақстанның әлеуметтік таксономиясы жобасын таныстырған АХҚО Жасыл қаржы орталығының басқарушы директоры Айгуль Кусалиева тұрақты қаржы таксономиялары social-вошингке және жауапты инвестицияларға камуфляж жасауға кедергі келтіретін орнықты қаржыландыру экожүйесінің маңызды элементі болып табылатынын атап өтті. Халықаралық стандарттармен біріздендіру әлеуметтік саясатты инвестициялық қоғамдастық түсінетін тілге аударуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік қаржыландыру критерийлерін, мысалы, әлеуметтік облигациялар мен несиелер енгізу, атап айтқанда, МЖӘ облигацияларын дамытуға серпін береді, оның ең алғашқы шығарылымы АХҚО-да ағымдағы жылы күтіледі. 

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың құттықтау сөзімен ашылған сессияның негізгі спикерлері ретінде Еуропалық инвестициялық банктің өкілі және ЕО-ның әлеуметтік таксономия жөніндегі тұрақты қаржыландыру платформасы кіші тобының мүшесі Ясмин Паньи, ҚР Ұлттық экономика министрлігі департаментінің директоры Эрик Жамбылов, Дүниежүзілік банк тобынан Розани Осман, Жасыл қаржы орталығының және Фудан университетінің даму бойынша директоры Кристоф Б. Недопила Ван қатысты. Олар алғашқы қадамдарды жасаған (ЕО) немесе Қазақстан сияқты жасауды жоспарлап отырған елдердің алдында тұрған әлеуметтік таксономияларды дамыту мәселелері туралы айтты. 

Қазақстан үшін әлеуметтік таксономия жобасын зерделеп,  халықаралық сарапшылар бұл құжат әлеуметтік бағыттағы басым қызмет түрлері сипатталатын капитал нарығының қатысушылары үшін түсінікті “координаттар жүйесін” құруға мүмкіндік береді деген пікірге келді. Ал мемлекет бюджеттік қаржыландырудың “созылмалы жетіспеушілігі” бар әлеуметтік қолдау саласына жеке инвестицияларды тартудың қосымша құралын алады деген ойға түйінделді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Эрик Джамбулов Үкіметтің әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау саласындағы нормативтік жұмысы туралы, сондай-ақ министрліктің АХҚО-мен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін хабарлады. Мұның ішіне тиісті жұмыс тобын құра отырып, әлеуметтік таксономияның жобасын жөнге келтіру және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге бұл үшін қажетті түзетулерді қабылдау үшін қажетті үйлестіру процесі кіреді.

Құжат бұдан әрі жасыл таксономия үлгісі бойынша Үкіметтің бекітуіне енгізу үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігімен және басқа да қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен және стейкхолдерлермен пысықталатын болады.

 

Astana Finance Days 2022 конференциясының бас демеушісі – Eurasian Resources Group (ERG).

 

 

 Анықтамалық ақпарат:

Астана” Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚОның негізгі міндеті өзін ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнықтыру болып табылады 

www.aifc.kz                

 

АХҚО Жасыл қаржы орталығы – бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту.

Бұдан басқа, АХҚО Жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-кеңестер береді. Орталық ықтимал эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. 

www.gfc.aifc.kz

 

AIFC AI assistant