Astana Finance Days аясында АХҚО-да тіркелген криптобиржалар мен Қазақстан банктерінің серіктестігі бойынша пилоттық жоба ресми түрде іске қосылды

Пилоттық жобаның ресми түрде іске қосылу рәсіміне ҚР Ұлттық банкі, ҚР қаржылық мониторинг жасау Агенттігі, ҚР Цифрлық дамыту, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігі, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығы өкілдері қатысты. Әрі осы жобада үлесі бар банктер — Еуразиялық банк, Халық банкі, Altyn Bank өкілдері, АХҚО құрамында тіркелген криптобиржалар және әлемдік, қазақстандық крипто-ойыншылар қатысты.

Ресми рәсімге негізделіп ұйымдастырылған панельдік сессияға АХҚО Әкімшілігі Басқарма Төрағасының орынбасары Қайрат Қалиев модераторлық жасады.

Естеріңізге салсақ, криптоиндустрия мен блокчейн-технологияларды дамыту іс-шаралары аясындағы арнайы жұмыс тобы АХҚО криптобиржалары мен қазақстандық екінші деңгейлі банктердің ынтымақтастық Ережелерін бекіткен еді.

ҚР Цифрлық дамыту, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігі цифрлық технологиялармен белсенді түрде айналысып отырған мемлекеттік орган.

Цифрлық дамыту вице министрі Жаслан Мадиевтің айтуынша, Қазақстанның криптохаб болуға мүмкіндігі жоғары.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында қазір Министрлік  ҚР Мәжіліс депутаттары бастама етіп көтерген “Цифрлық активтер туралы” заң жобасымен жұмыс істеп жатыр. Бұл заң жобасы Пилоттық жобаның барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін ескеріп, цифрлық экожүйенің кешенді дамуы жолындағы жағымды реттеуге жағдай жасамақ. Біздің елде осы бағыттағы адами капитал өте дамып келеді. Біз сонымен қатар блокчейн технологияларды белсенді түрде алға жылжытып отырмыз. Қазір омемлекеттік қызмет көрсету саласына блокчейнді енгізіп жатырмыз» —деді Жаслан Мадиев.

АХҚО криптобиржалары мен қазақстандық екінші деңгейлі банктердің ынтымақтастығы пилоттық жоба, ол Қазақстанның аймақтық криптохаб ретінде дамуы әлеуетін дамыту үшін арнайы регуляторлық база құруға бағытталған.

Жоба 2022 жылы пилоттық режимде жұмыс істейді.  Бұл жобаға АХҚО Қаржы ұйымдарын реттеу Комитетінің (AFSA), цифрлық активтері платформасын басқарудағы арнайы лицензияға ие  криптобиржалар екінші дәрежелі банктермен серіктесе отырып қатыса алады.

ҚР қаржылық мониторинг жасау Агенттігі субъектілермен қаржылық мониторинг жұмысы жөніндегі департамент басшысы Ғабит Лесбековтің айтуынша, цифрлық технологиялар орталықсыздандырылған жаңа технологиялар, сондықтан да қаржыны жымқыруға қатысты жоғарғы тәуекелмен байланысты, ал банк саласы болса, қаржыны жымқырумен күресте өте белсенді қатысушылардың бірі.

«Бүкіл күдікті операциялар туралы ақпараттың 95% біз екінші дәрежелі банктерден аламыз. Олардың осы мәселе бойынша тексеру жүйесі өте сапалы түрде жақсылап жолға қойылған. Тек оларға цифрлық технологиялардың ерекшеліктерін түсіну керек. Сондықтан, біздің талаптарды жіті қадағалау арқылы операцияларды жүзеге асыратынына еш күмәніміз жоқ. Бұл пилоттық жоба криптоиндустрияның әрі қарайғы дамуына және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға жақсы мүмкіндік береді деп сенеміз» — деді Ғабит Лесбеков.

Пилоттық жобаның жағымды жағы Қазақстан Республикасы реттеу алаңында цифрлық активтерді саудалау ұйымдастырылады. Ал ол дегеніңіз жеке және кәсіби инвесторлардың құқығы тиісінше қорғалады деген сөз. Пилоттық жобаны жүзеге асыру сәтті болып жатса, қазақстандық заңдылыққа және АХҚО актілеріне өзгерістер енгізіледі. 

АХҚО Қаржы ұйымдарын реттеу Комитеті (AFSA) Бас директоры Нұрхат Көшімовтің айтуынша, криптобиржаларды іске қосу кезінде мемлекеттік органдар мен қаржы реттеушілері өте ынтымақтаса жұмыс істеді, ал бұл дегеніңіз сәттілікке апаратын негізгі жол.

«Банк индустриясы криптоиндустрияны сапалы комплаенс және жүйелермен қамтамасыз етеді. Криптобиржалар мен банктер барынша тиімді екенін көрсетуі керек. Цифрлық активтер өте жас индустрия, сондықтан біз әріптестерімізбен үнемі пікір алмасып, серіктесіп жұмыс істеуге әзірміз. Ал реттеуге келер болсақ, бізге әрине, реттеу керек, бірақ нарықты да уыстан шығарып алмауымыз қажет, біз осы саладағы ірі ойыншылардың Қазақстанда болуы және халықаралық деңгейдегі жаңа ойыншыларды тарту үшін жұмыс істеу керек. Хаб болу үшін жұмыс істеген ләзім. Тек ғана біздің елдің майнерлерін емес, сонымен қатар, өзге де елдердің майнерлерін біздің қаржылық экожүйеге тартып, қазақстандық экономиканы қосымша инвестициялар, қаржы және импортпен қамтамасыз етуіміз тиіс» — деді AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов

 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 64 елден 1400-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz

 

AIFC AI assistant