Халықаралық Қаржы Орталықтарының Әлемдік Қауымдастығы «Экономикалық өсімді қамтамасыз етуде қаржы орталықтарының рөлі» атты алғашқы ірі баяндамасын жарыққа шығарды

2018 жылы қаржы саласы бойынша әлемдік көшбасшылар Халықаралық Қаржы Орталығының Әлемдік Қауымдастығы деген жаңа стратегиялық бастама көтерді. ХҚОӘҚ – жаһандық үздік қаржы орталықтарының басын қосатын және өзара ынтымақтастықты жеңілдетіп, үздік тәжірибелер алмасуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйым.

Әлем бойынша короновирустың асқынған және экономикалық өсімнің бәсеңдеген қазіргі құбылмалы кезеңде қаржы орталықтары тұрақты даму мен экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша мемлекеттердің бағытын айқындауда әдеттегіден де маңызды рөл ойнауы тиіс.    

ХҚОӘҚ-ның бір мүшесі Касабланка Қаржы Қаласы аталған қауымдастықпен бірлесе отырып және Оксфорд Бизнес Групп дәстүрлі баяндамасымен бірге «Экономикалық өсімді қамтамасыз етуде қаржы орталықтарының рөлі» атты баяндама дайындады. Онда нақты экономиканы қаржыландыруда қаржы орталықтарының қолға алған шараларының ауқымы мен әртараптылығы айтылған. ХҚОӘҚ мүшелері қазіргі таңда бетпе-бет келіп отырған қиындықтарға қарамастан экономикалық өсімді қамтамасыз етуді мойындарына алып отыр.

Аталған баяндамаға он бір қаржы орталығы атсалысып, өздерінің мәліметтерін ұсынды:

 

  • Abu Dhabi Global Market (Әбу Даби Жаһандық Нарығы)
  • Astana International Financial Center (Астана Халықаралық Қаржы Орталығы)
  • Belgian Finance Center (Бельгия Қаржы Орталығы)
  • Busan International Financial Center (Бусан Халықаралық Қаржы Орталығы)
  • Casablanca Finance City (Касабланка Қаржы Қаласы)
  • Frankfurt Main Finance (Майндағы Франкфурт Қаржы орталығы)
  • Hong Kong Financial Services Development Council (Гонконг Қаржы Қызметтерін Дамыту Кеңесі)
  • Luxembourg for Finance (Люксембург Қаржы орталығы)
  • Paris Europlace (Париж Еуроалаңы)
  • TheCityUK (Біріккен Корольдік қаласы)
  • Toronto Finance International (Торонто Халықаралық Қаржы орталығы).

Қазіргі таңда қаржы нарығы құрылымдық өзгерістерді бастан өткеруде. Осы орайда, біздің мүшелеріміздің басым бағыты қоршаған ортаны қаржыландыру, технологиялық инновация мен инфрақұрылым, сонымен қатар әлеуметтік және аймақтық қаржыландыру болып табылады. Халықаралық қаржы орталықтары технологияға сүйенетіндіктен біздің мүшелеріміз бұлтты компьютерлер мен блокчейннен бастап жасанды интеллект пен үлкен датаға дейін инновациялық технологияны енгізу арқылы қаржы саласында инновацияны дамытып жатыр. Сонымен қатар қауымдастыққа мүше қаржы орталықтары қаржылық тұрақтықтың барлық секторларын дамытып, қоршаған орта және әлеуметтік бағыттардың қаржы секторының алға ілгерілеуінде маңызды орынға ие болуын қамтамасыз етеді. 

Аталған шаралардың шолуы қамтылған баяндаманы төмендегі сілтемеден тегін көшіріп алуға болады:

https://waifc.finance/resources.

 

Арнод де Брессон, ХҚОӘҚ директорлар кеңесірің төрағасы, Париж Еуроалаңы басқарма төрағасы:

«ХҚОӘҚ халықаралық қаржы орталықтары арасында әріптестікті дамыту және жаһандық ынтымақтастық орнату үшін құрылған. Қауымдастықтың мақсаты – қаржы орталықтары арасында ең үздік тәжірибелер алмасу мен диалог құру және көпшілік қауыммен байланыс орнату. Біздің ойымызша, қаржы нарығы өз бетімен жұмыс істемей, әлем бойынша нақты экономикаға қызмет етуі тиіс. Біздің міндетіміз – жаһандық экономикалық трансформацияны қолдау, бизнеске жеке меншік және мемлекеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету, тұрақты даму мақсаттарымыздан айнымау». 

Саид Ибраими, ХҚОӘҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Касабланка Қаржы Орталығының басқарма төрағасы:

ХҚОӘҚ негізін қалаған мүшесі ретінде және қауымдастыққа мүше болған Африкадағы алғашқы қаржы орталығы ретінде Касабланка Қаржы Орталығы (КҚО) халықаралық ынтымақтастықтың Африкадағы міндеттемелерінінің орындалуында құрлық атынан жұмыс істеуін мақтан тұтады. Біз Африканың әлеуетіне, дамуды және әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі жаһандық қаржы орталықтарының маңызды рөліне сеніміміз мол. Осы баяндама арқылы біз аталған артықшылықтардың қаржы әлемінен тыс жерлерде де танылуына жұмыс істейміз».

Доктор Йохен Бидерман, ХҚОӘҚ атқарушы директоры:

«Қаржы орталықтары экономикалық өсімді қамтамасыз етуде өте маңызды. Қаржы орталықтары әр сала мен әрбір мемлекетте кәсіпкерлік даму мен экономикалық өсімді және тұрақты даму мен қаржылық сауаттылықты қамтамасыз ететін инвестициялық инфрақұрылым ұсынады. Бізге мүше қаржы орталықтары инновацияны қолдайды және сол салада белсенді даму үстінде. Олар жаңа идея мен инновациялық бизнес модельдері бар стартаптарға қолайлы алаң ұсынады. ХҚОӘҚ мүшелерінің әр алуандығы біздің басты артықшылықтарымыздың бірі».  


 

Анықтамалық ақпарат:

Халықаралық Қаржы Орталықтарының Әлемдік Қауымдастығы (ХҚОӘҚ) Бельгияда орналасқан халықаралық қауымдастық. Қауымдастыққа төрт құрлықтан 16 қаржы орталығы мүше. Олар қала әкімшіліктері, қауымдастықтар және осы секілді қаржы орталықтарын дамытушы және ілгерілетуші институттар.

Технологияның тез өзгеріп, әлеуметтік өзгерістердің жедел болып жатқан қазіргі уақытта қаржы орталықтары экономикалық өсім үшін өте маңызды орынға ие. ХҚОӘҚ мақсаты – ынтымақтастықты қамтамасыз ететін ашық байланыс құру және жекелеген мемлекеттер мен жаһандық экономиканың өрлеуі және әлеуметтік даму үшін халықаралық қаржы орталықтарының маңызын терең түсінуде үздік тәжірибелерді алмасу болып табылады.

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету. www.aifc.kz

AIFC AI assistant