AFSA АХҚО-да қаржылық қызметтерде генеративті ЖИ-дің қолданылуы туралы есеп жариялады

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) АХҚО-да қаржылық қызметтерде генеративті жасанды интеллектінің қолданылуы (AI Survey) туралы жаңа есеп жариялады. Бұл есеп реттеушінің қаржы нарықтарындағы әділдікті, тиімділікті, ашықтықты және үйлесімділікті қамтамасыз ете отырып, АХҚО-да қаржы технологияларын дамытуға деген бейілдігін растайды.

Зерттеуге 42 лицензиясы бар компаниялар қатысты. Оның нәтижелері респонденттердің 45% қазірдің өзінде ЖИ технологияларын қолданатынын көрсетеді, бұл шешімдерді мұқият тестілеумен және тәуекелдерді басқаруға және операциялық тиімділікті арттыруға баса назар аударумен сипатталатын ЖИ технологияларының енгізілуінің бастапқы кезеңін көрсетеді. Қазіргі уақытта ЖИ-ді қолдану негізінен алгоритмдік сауда мен кредиттік скорингті қоса алғанда, негізгі қаржылық процестерге шектеулі интеграциямен клиенттермен өзара әрекеттесу және маркетинг сияқты тәуекелі төмен аймақтарда шоғырланған. Негізгі үрдістердің бірі бөгде AI шешімдерді белсенді қолдану болды.

Сауалнама нәтижелерін ескере отырып және жауапты инновацияларды одан әрі қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржы секторында ЖИ қолданумен байланысты туындайтын тәуекелдерге уақтылы ден қою мақсатында AFSA келесі сауалнаманы 2026 жылы өткізуді жоспарлап отыр. Осы сауалнаманың нәтижелері қаржылық қызметтерде ЖИ қолдануға қатысты нормативтік актілерге түзетулер енгізу қажеттілігін бағалау үшін пайдаланылатын болады. Бұл ретте ЖИ-дің енгізілуіне мониторинг жалғасады және осы процестің реттеушілік аспектілеріне ерекше назар аударылады.

АХҚО FinTech Lab «реттеуші құм алаңы» ретінде АХҚО-да инновациялық қаржылық қызметтерді тестілеу және/немесе дамыту үшін реттелетін және қауіпсіз ортаны ұсынады. Бұдан басқа, АХҚО FinTech Lab әлеуетті өтініш берушілері мен қатысушылары қолданыстағы реттеуші режимге сәйкес реттеуші құм алаңы шеңберінде ЖИ-шешімдерді пайдалана отырып, қаржылық қызметтер мен өнімдерді тестілеуге шақырылады.

AFSA лицензиялау және қаржылық технологиялар офисінің басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев: «AFSA АХҚО-да инновациялық қаржылық қызметтердің бақыланатын дамуын әрдайым қолдады. Жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктер, атап айтқанда тиімді генеративті ЖИ шешімдерінің пайда болуы көптеген салалардағы қарқынды өзгерістердің катализаторы болды.

AFSA-ның бұл зерттеуі реттеуші инновациялар саласындағы ағымдағы қызметтің бөлігі және осы кезеңде біз АХҚО қаржы нарығының ЖИ-мен байланысты тәуекелдерге ұшырау деңгейін түсінуге назар аудардық. Біз қаржы саласында ЖИ негізіндегі шешімдер көптеп пайда болады деп күтудеміз, сондықтан қосымша мониторинг қажет және келесі жылы ЖИ бойынша тағы бір зерттеу жүргізуді жоспарлап отырмыз».

Ол сондай-ақ қаржылық қызметтерді реттеуші ретінде AFSA қаржылық қызметтер саласындағы ЖИ-дің айтарлықтай әлеуетін мойындайтынын айтты. Сонымен қатар, AFSA реттеуші құм алаңы шеңберінде тестілеу сала үшін де, реттеушілер үшін де маңызды деректерді алу және қажетті сараптаманы дамыту үшін маңызды деп санайды.

Бұл қадамдар AFSA-ның жауапты инновацияларды қолдауға, қатаң нормативтік стандарттарды сақтауға және барған сайын ЖИ-ға бағдарлана бастаған қаржылық қызметтер жүйесінде тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бейілдігінің негізгі элементі болды.

Зерттеу осы сілтеме арқылы қол жетімді.

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) –«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидаларында қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелері көзделгені.

АХҚО-да 90+ елден 4900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. aifc.kz

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті: [email protected]

AIFC Services Assistant