AFSA реттеуші базаны дамытудың 2025 жылға арналған жоспарлары туралы хабарлайды

АХҚО Қаржы қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) маңызды реттеу актілерін жетілдіру жөніндегі 2025 жылғы өзінің жоспарлары туралы хабарлайды.

AFSA өткен жылы ұсынылған ары қарай талдау жүргізуді қажет ететін түзетулерге сүйене отырып, секьюритилендіру[1] саласындағы реттеуші базаны дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда. Ұсынылған өзгерістер арнайы мақсаттағы компаниялардың (SPC)[2] «тәуелсіз» (orphan) құрылымы мен жұмысына, бенефициарлар тобына және SPC-ді әкімшілендіруге қатысты.

Қазіргі уақытта AFSA сонымен қатар капитал, цифрлық активтер және краудфандинг секторларында реттеуші базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуде, олар бойынша 2025 жылдың ортасында қоғамдық консультациялар өткізу күтілуде:

  • Капитал нарығы. Бағалы қағаздарды орналастыруға, олардың листингіне және саудасына қатысты реттеудің шолуына негізгі назар аударылады, сонымен қатар нарық қатысушыларына қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған қосымша түзетулер қаралуда.
  • Цифрлық активтер. 2024 жылы енгізілгеннен кейін алынған кері байланыс және жинақталған реттеу тәжірибесі негізінде реттеуші базаны одан әрі жақсарту жоспарлануда.
  • Краудфандинг. Қолданыстағы реттеуді жетілдіру инвесторлардың қорғалуын, оның ішінде дефолттар тарихы туралы ақпаратты ашуға жаңа талаптар және басқа да жақсартуларды енгізу есебінен күшейтуге бағытталған.

Осы жылдың соңына қарай AFSA сонымен қатар активтерді басқару, исламдық қаржы және сақтандыру секторларында реттеуші базаны одан әрі дамыту жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Осы жобалар туралы қосымша ақпарат олардың іске асырылуына қарай ұсынылатын болады.

Жария консультациялар басталғанға дейін ұсыныстар енгізгісі келетін мүдделі тараптар ұсыныстарын [email protected]. электрондық поштасы арқылы жібере алады. Бұл ұсыныстар тиісті өзгерістер жобаларын дайындау барысында ескерілетін болады.

AFSA бұл жобалар жыл ішінде түзетілуі мүмкін алдын ала жоспарлар мен жұмыс көлемін қамтитын ағымдағы реттеушілік күн тәртібін білдіретінін атап өтеді.

Анықтамалық ақпарат: 

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 85 елден 3800-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43;

+7 7172 61-37-45

[email protected] 


[1] Секьюритилендіру – бұл банктер мен басқа кредиттік ұйымдар кредиттерден бағалы қағаздар шығарылымының негізін құрайтын активтер пулын қалыптастыратын құрылымдық қаржылық операция.

[2] Жалпы мағынада, Арнайы мақсатты компания (SPC) – бұл бас компания (бастамашы/оригинатор) шектеулі мақсаттар үшін, көбінесе алдын-ала анықталған контрагентпен секьюритилендіру мәмілесіне қатысу үшін құратын заңды тұлға. Бастамашының/ оригинатордың мақсаттарына байланысты SPC-ге иелік ету SPC акциялары тікелей бас компанияға тиесілі болатындай акцияларға тікелей иелік ету арқылы құрылымдалуы мүмкін, мұнда SPC оның 100% қатысатын еншілес ұйымына айналады; немесе «тәуелсіз» (orphan) компания ретінде құрылымдалуы мүмкін, мұнда SPC оның қызметін бақылайтын байланысты емес үшінші тұлғаға тиесілі, бұл SPC бастамашыдан/ оригинатордан заңды дербес болуын қамтамасыз етеді.

AIFC Services Assistant