АХҚО Әкімшілігі және ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті және «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) әкімшілігі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Аталған меморандум зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін құруға және дамытуға бағытталған бірлескен ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Тараптар бизнесті құқықтық қолдауды қамтамасыз ету, озық тәжірибемен алмасу, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы қорғау тетіктерін жетілдіруге жәрдемдесу үшін өздерінің күш-жігері мен ресурстарын біріктіреді.

Ұлттық зияткерлік меншік институтын үйлестіру кезінде Сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының (ТИҚО) желісіне қосылу туралы келісім жасалды.

ТИҚО зерттеушілерге, ғалымдарға және кәсіпкерлерге халықаралық патенттік және ғылыми-техникалық мәліметтер базасына қол жетімділікті сонымен қатар құқықтарды қорғауға өтінімдерді дайындауда консультациялық қолдау көрсетеді. Қазақстанда ТИҚО желісі белсенді дамып келеді және Орталық Азия өңіріндегі ең серпінді кеңейіп келе жатқан желілердің бірі болып танылды.

Қол қойылған екі құжат Ұлттық инновациялық жүйені халықаралық кеңістікке интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын нығайтуға және отандық әзірлемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдеседі.

AIFC Services Assistant