АХҚО AIFC Client Office ашты
«Астана» халықаралық қаржы орталығы АХҚО юрисдикциясында бизнес ашу және жүргізу мәселелері жөнінде бастапқы консультациялар беруге арналған AIFC Client Office ашты.
AIFC Client Office жинақталған сараптаманы біріктіретін және АХҚО органдарымен, ұйымдарымен өзара іс-қимылдың түсінікті форматын және Орталық қызметінің негізгі бағыттары бойынша – реттеуші талаптардан бастап оңтайлы сервистер таңдауға дейінгі сапалы бастапқы навигацияны қамтамасыз ететін бірыңғай орын ретінде құрылды (AIFC Client Office мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы 55/23 С4.4 блок).

Фронт-офис ыңғайлы әрі құрылымдалған форматта жұмыс істемек. Клиенттерге кеңес беру алдын-ала жазылу арқылы қолжетімді болады, бұл жеке-дара қабылдау мен жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
АХҚО әкімшілігінің басқарма төрағасы Бақтияр Тілеубеков: «AIFC Client Office ашылуы «Астана» халықаралық қаржы орталығының экожүйесін дамытудағы маңызды әрі уақтылы қадам. Бүгінгі таңда АХҚО алаңында қаржы индустриясы саласында 1500-ға жуық ұйым жұмыс істейді, ал тіркелген қатысушылардың жалпы саны 5000 компаниядан асады. Бұл ретте юрисдикцияға деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді: іскерлік белсенділік, мәмілелер саны, сондай-ақ жаңа, оның ішінде инновациялық құрылымдар саны артып келеді. Сонымен қатар біз АХҚО-мен жұмысты одан да ыңғайлы әрі технологиялық ете отырып, цифрлық шешімдерді белсенді енгізуді жалғастырамыз. Біздің мақсатымыз – қатысушылар өзара іс-қимыл жасауға, іскерлік белсенділікті арттыруға және бәсекелестік позицияларды нығайтуға арналған құралдарға ие болатын тұтас цифрлық экожүйені қалыптастыру».


AIFC Client Office-тің ашылуы АХҚО-ның қатысушылармен өзара іс-қимылды жетілдіру және Орталықтың іскерлік экожүйесін нығайту жөніндегі жүйелі жұмысының бөлігі. АХҚО консультациялық қолдаудан басқа, реттеу, операциялық қызмет және АХҚО юрисдикциясындағы бизнесті дамытудың өзекті мәселелері талқыланатын AFC Community форматын қоса алғанда, қатысушылар қоғамдастығына арналған іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді.


Фронт-офистің тұсаукесері аясында AIFC Community қауымдастығының кезекті кездесуі өтті.
Кездесуде AFSA саясат офисінің басқарушы директоры Николоз Гагуа АХҚО-ның реттеуші базасын дамытудың 2026 жылға арналған жоспарлары туралы айтты. AFSA қол жеткізілген нәтижелерге сүйене отырып, қолданыстағы реттеуші режимдердің сапасына, теңгерімділігіне және практикалық қолданылуына бағытталған реттеуші базаны одан әрі дамытуға, қолдану практикасы мен қадағалау тәжірибесін ескере отырып, реттеуші базаны итеративті жетілдіруге, сондай-ақ реттеуші базаны жаңа халықаралық стандарттарға, трендтер мен қалыптасып жатқан нарықтарға бейімдеуге назар аударады. 2026 жыл ішінде AFSA-ның күн тәртібі активтерді басқару саласындағы реттеуді дамытуға, FinTech Lab режимін жетілдіруге, қолданыстағы реттеуші режимдерге нақты өзгерістер енгізуге және нарық қатысушылары үшін практикалық түсіндірмелер мен нұсқаулықтарды әзірлеуге және жаңартуға бағытталатын болады.

АХҚО әкімшілігінің инновациялар жөніндегі бас директоры Талғат Аманбаев қатысушыларға салалардың кең ауқымындағы аналитикалық деректерді жеткізушілер мен пайдаланушыларды біріктіретін әмбебап цифрлық шешім – AIFC Data Marketplace платформасын таныстырды.
Кездесу аясында АХҚО-ның «AIFC Insights» талдау орталығы Қазақстандағы бөлшек инвестициялаудың ағымдағы жай-күйін талдауға арналған есепті ұсынды. Есеп Freedom Broker компаниясының қолдауымен дайындалды. АХҚО әкімшілігінің құқықтық сүйемелдеу департаментінің директоры Айша Шунаева «АХҚО-дағы заңгерлік кәсіп: заң консультанттарын реттеу және тіркеу» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде 2026 жылдың 16 ақпанына дейін AIFC Legal Award-қа қатысуға өтінімдерді қабылдау жалғасатынын хабарлады. Заң компаниялары мен жұмыс істеп жүрген заңгерлер өздерінің кәсіби жетістіктері мен сарапшылық тәжірибесін ұсынуға, АХҚО құқықтық жүйесінің дамуына қосқан үлестерін атап өтуге, АХҚО кәсіби заң қоғамдастығында ресми танылуға мүмкіндік алады.

AIFC Academy бас директоры Ольга Баспаева қазіргі заманғы кәсіби білімді дамыту туралы сарапшылық пайымын ұсынды.
АХҚО инвесторлар мен бизнес үшін юрисдикцияның тартымдылығын арттыруға бағытталған инфрақұрылым мен сервистік шешімдерді жетілдіруді жалғастыруда.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
АХҚО баспасөз қызметі
Айнұр Исабаева, баспасөз хатшысы
E-mail: [email protected]