АХҚО академиясы әзірлеген майнор-бағдарламалар AlmaU университетінде оқытылады 

2025 жылғы 21 тамызда Астана халықаралық қаржы орталығы Академиясы әзірлеген білім беру бағдарламалары Almaty Management University-ге ресми түрде табысталды. Олар оқу үдерісіне майнор-пәндер ретінде енгізіліп, студенттердің жеке білім беру траекториясы аясында қосымша мамандану мүмкіндігін ұсынады. AlmaU осы бағдарламаларға қол жеткізген алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып, заманауи қаржының негізгі тақырыптарын қамтитын және студенттердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған курстарды енгізді. 

АХҚО Академиясы әзірлеген майнор-бағдарламалар Freedom Broker компаниясының қолдауымен “Freedom Шапағат” корпоративтік қоры арқылы жүзеге асты. Бұл ынтымақтастықтың негізі 2024 жылғы Astana Finance Days форумы аясында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандуммен қаланған. 

Табысталған майнор-бағдарламалар студенттерге еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар мен білімдерді игеруге мүмкіндік беріп, оларды пәнаралық тапсырмаларға дайын әрі саладағы жұмыс берушілер үшін тартымды мамандарға айналдырады. 

Майнор-бағдарламалардың тақырыптары “Туынды бағалы қағаздар – опциондар”, “Активтерді басқару”, “Қаржы нарығын реттеу”, “Халықаралық коммерциялық дауларды шешу” және басқа да бағыттарды қамтиды. 

АХҚО Академиясының бас атқарушы директоры Балжан Мырзабаева: «АХҚО Академиясы Қазақстандағы жоғары білім беруді дамытуға белсене қатысуға ұмтылады. Біз әзірлеген майнор-бағдарламаларды табыстау – осы үдеріске қосқан үлесіміз. Бұл бағдарламаларды енгізу арқылы студенттер заманауи қаржы саласына қажетті қосымша дағдыларды меңгеріп, өз біліктіліктерін арттыра алады». 

AlmaU университетінің бірінші проректоры Тимур Булдыбаев өз сөзінде АХҚО Академиясымен ынтымақтастық студенттердің заманауи еңбек нарығының сын-қатерлеріне дайындығын арттыратынын атап өтті: «AlmaU әрқашан жаңа білім беру бастамаларын енгізуге ашық. АХҚО Академиясының майнор-бағдарламаларды табыстауы – Қазақстандағы жоғары білімді дамытуға қосылған маңызды үлес. Бұл бағдарламалар біздің студенттерге қаржы секторында сұранысқа ие қосымша құзыреттер береді, ал жұмыс берушілер болса, саланың дамуына нақты үлес қосуға дайын жаңа буын мамандарын алады». 

Freedom Broker білім беру жобалары департаментінің директоры Жанна Кашенова былай деді: «Freedom Broker үшін білім беру жобаларын қолдау – елдің кадрлық әлеуетіне қосқан үлес. Біз қаржы секторының болашағы жас мамандардың қаншалықты бәсекеге қабілетті болуына байланысты екенін жақсы түсінеміз. AlmaU-да енгізілген майнор-бағдарламалар студенттерге еңбек нарығында сұранысқа ие білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беріп, ең күрделі міндеттерді шешуге дайын кәсіби мамандар буынын қалыптастырады». 

Майнор-бағдарламаларды AlmaU оқу үдерісіне енгізу алдағы оқу жылында жоспарланып отыр. Жаңа майнор-дисциплиналар бойынша білім алуға «Қаржы» және «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының студенттері мүмкіндік алады. Бұл білім алушылардың қаржы саласының негізгі бағыттары бойынша білімін тереңдетуге жол ашады. 

Еске сала кетейік, майнор-бағдарламалар – жоғары оқу орындарының жалпы білім беру бағдарламаларының бір бөлігі болатын қысқамерзімді сертификаттық курстар. Олардың ұзақтығы түрі мен күрделілігіне байланысты 3 айдан 4 айға дейін созылады. 

Анықтамалық ақпарат:       

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция.  

Almaty Management University (AlmaU)1988 жылы құрылған Қазақстандағы алғашқы бизнес-жоғары оқу орындарының бірі. Университет бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды, сондай-ақ халықаралық MBA және DBA бағдарламаларын ұсынады. Бүгінде AlmaU – халықаралық аккредитацияларға ие, әлемдік университеттермен ынтымақтасатын және заманауи білім беру мен зерттеу жобаларын дамытып келе жатқан елдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 

2025 жылы университет «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» (БСҚА) нұсқасы бойынша Қазақстандағы жетекші гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінде бірінші орынға шықты. AlmaU-дың халықаралық деңгейдегі мойындалуы оның QS Stars жүйесіне алғаш рет қатысуымен де расталды: университет бірден 4 жұлдыз алып, әлемдік деңгейдегі сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. 

Freedom Broker: 

«Фридом Финанс» АҚ өз клиенттеріне KASE және AIX-те брокерлік қызмет көрсетуді, бағалы қағаздардың баға белгілеулерін қолдау жөніндегі маркетмейкердің қызметтерін, борыштық және үлестік қаржыландыруды ұйымдастыруды, қаржылық консалтинг саласындағы қызметтерді ұсынады.  

Freedom Finance Global – жеке инвесторларға қызмет көрсетуге маманданған жаңа мүмкіндіктері бар брокер. Компания АХҚО-да тіркелген, AFSA-дан лицензия алған және ағылшын құқығының элементтерімен қызметті жүзеге асырады. Freedom Finance Global клиенттері халықаралық қаржы нарықтарындағы NYSE/NASDAQ, London Stock Exchange, HKEX, Frankfurt Stock Exchange), KASE және AIX-тегі биржалық операцияларға, сондай-ақ холдингтің ең танымал және сұранысқа ие қызметі – бастапқы орналастыруларға (IPO) қатысуға тікелей қол жеткізе алады.   

Компаниялар Freedom Holding Corp. халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары Nasdaq Capital Market-те FRHC белгісімен орналастырылған. Freedom Holding Corp. қызметін Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC, АҚШ) реттейді.  

«Freedom Шапағат» корпоративтік қоры Freedom Holding Corp. ESG-жобаларын іріктеу және сүйемелдеу процесін оңтайландыру мақсатында құрылды. Қор өзінің инвестициялық стратегиясының негізгі бағыты ретінде экологиялық, әлеуметтік және басқару факторларына назар аударады. 

AIFC Services Assistant