АХҚО академиясы мен AlmaU университеті қаржы саласында майнор-бағдарламалар бойынша оқыған студенттердің алғашқы тобын шығарды

AlmaU Freedom Broker және «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының қолдауымен АХҚО академиясы әзірлеген майнор-бағдарламалар бойынша оқуды аяқтаған студенттердің алғашқы тобын шығарды.

Бұл рәсім практикаға бағдарланған білім беруді дамытудағы және Қазақстанның қаржы индустриясының болашағын айқындайтын мамандардың жаңа буынын қалыптастырудағы маңызды кезең болды.

Қосымша білім беру тректерін сәтті меңгерген «Қаржы» және «Құқықтану» бағыттарының студенттері сертификаттарға ие болды. Майнор-бағдарламалары 2025 жылдың тамызында университетке ресми түрде берілген еді және студенттердің жеке білім беру траекторияларының бір бөлігіне айналып, олардың қолданбалы дағдыларын арттырды және нарық талап ететін құзыреттерді кеңейтті.

Бағдарламаларды АХҚО академиясы Freedom Broker-мен бірлесіп «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры арқылы әзірледі – бұл оқу процесіне нақты кейстерді, салалық сараптаманы және қазіргі заманғы нарықтық практиканы интеграциялауға мүмкіндік берді. Оқу ұзақтығы бағытына байланысты 3 айдан 4 айға дейін жалғасты.

АХҚО академиясының жоба жетекшісі Айгүл Қазбекова: «Бүгінгі рәсім – ЖОО мен индустрияның бірлескен жұмысы нәтиже беретінін растады. Студенттер курсты тыңдап қана қоймай, қаржы секторының қазіргі талаптарына сәйкес білім мен дағдыларға ие болды. Мұндай бағдарламалар жас мамандардың бойында табысты мансап үшін сенімділік пен кәсіби негіз қалыптастырады».

Майнор-бағдарламалар университет пен индустрия арасындағы байланысты нығайтатын құралға айналды: студенттер нақты тапсырмалармен жұмыс істейді, кейстерді зерттейді және реттеу механизмдері, активтерді басқару және сәйкестік тәжірибелері туралы түсінік алады.

AlmaU университетінің бірінші проректоры Тимур Бұлдыбаев атап өтті: «Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін қысқа мерзім ішінде біз майнор-білім беру бағдарламаларын оқу үдерісіне интеграциялап, нақты практикалық нәтижеге қол жеткіздік. Қаржы нарығының жетекші қатысушыларымен бірлесіп әзірленген бағдарламалар бойынша оқыту білімнің қолданбалы құндылығын арттырады, студенттердің кәсіби даярлығын күшейтеді және оқу кезеңінің өзінде-ақ бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастырады. Аталған жоба университет пен индустрия арасындағы тиімді синергияның жарқын үлгісі болып табылады».

Биылғы жылы «Активтерді басқару» бағдарламасын 26 студент тәмәмдады – олар қаржы және инвестициялық салада жұмыс істеу үшін негізгі құзыреттерге ие болғандығын растайтын сертификаттар алды. «Қаржы нарығын реттеу» бағыты бойынша оқуды 36 студент жалғастыруда.

Freedom Broker білім беру жобалары департаментінің директоры Жанна Кашенова: «Алынған сертификаттар түлектердің қаржылық құралдарды талдаудан бастап реттеуші ортаны түсінуге дейінгі кең ауқымды дағдыларды меңгергенін растайды. Бұл құзыреттер жаңа мансаптық мүмкіндіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді және студенттердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Салтанатты рәсім тек оқудың нәтижесі ғана емес, бүгінде Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан қаржы секторында мансап құра бастаған студенттердің алғашқы кәсіби жетістігі болды».

«Freedom Шапағат» корпоративтік қорының басқарушы директоры Руслан Жұмашев: «AlmaU-мен серіктестік Freedom Holding Corp.-тың білім беру мүмкіндіктерін дамыту және студенттерді даярлау сапасын арттыруға қосатын үлесінің маңызды бөлігі. Майнор-бағдарламаларды қолдау болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға көмектеседі және компанияның білім беру саласындағы тұрақты бастамаларға бейілділігін растайды».

Анықтамалық ақпарат:   

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz   

АХҚО баспасөз қызметі

Айнұр Исабаева, баспасөз хатшысы

E-mail: [email protected]  

AIFC Services Assistant