АХҚО академиясы мен SDU University қаржы мамандарының жаңа буынын даярлауда: майнор-бағдарлама алғашқы түлектерін шығарды

SDU University АХҚО академиясының майнор-бағдарламасы бойынша алғаш рет студенттерді шығарды: қаржы мамандығы бойынша 25 болашақ маман сертификат алды.

Бұл оқиға Қазақстанда тәжірибеге бағдарланған қаржылық білім беруді дамытудағы маңызды кезең болды және қазіргі заманғы қолданбалы құзыреттерге өсіп келе жатқан сұранысты растады.

Майнор-бағдарламалар SDU-ға 2025 жылдың 14 тамызында ресми түрде берілген еді және бірден университеттің білім беру траекториясын кеңейту жөніндегі стратегиясының бөлігіне айналды. Биылғы жылы оқу қаржы нарығында сұранысқа ие пәндердің бірі «Туынды бағалы қағаздар – опциондар» бағыты бойынша өтті.

«Майнор-бағдарламалар студенттерді кәсіби дамытудың маңызды қосымша құралына айналды. Оқыту барысында олар жауапкершіліктің жоғары деңгейін, заманауи білім алуға деген қызығушылығы мен ұмтылысын көрсетті. АХҚО академиясына әдіснамалық қолдау көрсеткені үшін және Freedom Shapagat & Broker компаниясына өзекті әрі тәжірибеге бағдарланған білім беру бағдарламаларын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін. Игерілген құзыреттер біздің түлектеріміздің одан әрі кәсіби өсуі мен табысты мансабы үшін берік негіз болатынына сенімдімін», – деп атап өтті SSBL деканы Берік Сабденалиев.

Майнор-бағдарламалары студенттерге бір бағытта мамандырылған пәндерге тереңірек енуге және негізгі оқу траекториясынан тыс қосымша құзыреттерге ие болуға мүмкіндік береді. Оқу ұзақтығы бағдарламаның профиліне және күрделілік деңгейіне байланысты өзгереді.

SDU-ды қоса алғанда, қазақстандық университеттер үшін майнор-бағдарламаларды әзірлеу «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры арқылы Freedom Broker қолдауының арқасында мүмкін болды. Бұл серіктестік студенттерге нақты кейстерге, салалық сараптамаға және қаржы нарығының қазіргі динамикасын көрсететін модельдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жанна Кашенова, Freedom broker білім беру жобалары департаментінің директоры-дәйексөз қажет

Freedom Broker білім беру жобалары департаментінің директоры Жанна Кашенова: «2025 жылдың қорытындысы бойынша 25 студент оқуды сәтті аяқтап, туынды қаржы құралдары саласындағы негізгі құзыреттерді меңгергендігін растайтын сертификаттар алды. Бұл білім түлектерге тағылымдамадан өтуге, кіші аналитиктер лауазымдарына орналасуға және инвестициялық-қаржылық компаниялардағы басқа мансаптық мүмкіндіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді».

АХҚО академиясының жоба жетекшісі Айгүл Қазбекова: «Бүгінгі рәсім –бұл біздің бастамамыздың шынымен жұмыс істейтінін растайды. Студенттер дәл қазір нарықта сұранысқа ие құзыреттерді игеруде. Біз үшін майнор-бағдарламалары академиялық сектор мен индустрия арасындағы байланысты нығайтатыны маңызды».

«Freedom Шапағат» корпоративтік қорының басқарушы директоры Руслан Бақытұлы Жұмашев: «SDU білім беру жобаларын қолдай отырып, Freedom Holding Corp. адами капиталды нығайтуға және жас мамандар өзекті білім мен практикалық дағдыларға қол жеткізетін ортаны дамытуға деген өз ұмтылысын көрсетеді. Бұл ынтымақтастық біздің тұрақты әлеуметтік бастамаларға қатысуымызды күшейтеді және елдің қаржы секторы үшін білікті кадрлар даярлауға ықпал етеді».

Анықтамалық ақпарат:   

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz   

АХҚО баспасөз қызметі

Айнұр Исабаева, баспасөз хатшысы

E-mail: [email protected]  

AIFC Services Assistant