АХҚО академиясының білім беру бағдарламалары Манаш Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде оқытылады

8 сәуір күні Петропавл қаласында «Астана» халықаралық қаржы орталығы академиясы әзірлеген майнор-бағдарламаларды Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне тапсыру рәсімі өтті. Білім беру модульдері заманауи қаржы саласының негізгі тақырыптарын қамтып, студенттердің өзекті білім алуына мүмкіндік береді әрі олардың еңбек нарығындағы сұранысын арттырады.

Майнор-бағдарламалар АХҚО академиясы тарапынан «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры арқылы Freedom Broker қолдауымен әзірленді.

Майнор-бағдарламалар – қысқа мерзімді, сертификаттық сипаттағы курстар және жоғары оқу орындарының жалпы білім беру бағдарламаларының құрамына кіреді. Мұндай бағдарламалардың әдеттегі ұзақтығы олардың түрі мен күрделілігіне байланысты 3 айдан 4 айға дейін созылады.

Тапсырылған майнор-бағдарламалар қатарында «Туынды бағалы қағаздар – опциондар», «Активтерді басқару», «Қаржы нарығын реттеу», «Халықаралық коммерциялық дауларды шешу» сияқты курстар бар. Бұл пәндерді оқу қаржы саласындағы білім мен дағдыларды кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер ашады.

АХҚО академиясының жоба жетекшісі Айгүл Қазбекова: «Майнор-бағдарламалар студенттерге еңбек нарығындағы өзгерістерге икемді бейімделуге және болашағы зор бағыттар бойынша сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл олардың кәсіби құзыреттерін күшейтіп, қаржы секторын заманауи білімі бар даярланған мамандармен толықтырады. АХҚО академиясы үшін Қазақстандағы жоғары білімнің дамуына қатысу – бұл өз тәжірибесімен бөлісу және сала үшін жаңа буын кадрларын қалыптастыруға үлес қосу мүмкіндігі», – деп атап өтті.

Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры –  басқарма төрағасы Ербол Исақаев: «Технологиялық өзгерістердің жедел қарқынымен университеттер болашақтың күн тәртібін қалыптастыруы керек. Жаңа цифрлық және қаржылық жүйеде жұмыс істей алатын мамандарды даярлауы қажет. Бұл жоба бизнес пен білім беру арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып табылады. Біз Freedom Broker-ге адами капиталды дамытуға қосқан үлесі және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдағаны үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, тәжірибеге бағытталған курстарды әзірлегені үшін АХҚО академиясына ерекше алғыс білдіреміз», –  деп атап өтті.

«Freedom Шапағат» корпоративтік қорының басқарушы директоры Руслан Жұмашев: «Білім беру бастамаларын дамыту – Freedom Holding Corp. компаниясының ESG-күн тәртібінің, сондай-ақ Freedom Шапағат қорының маңызды бөлігі әрі Қазақстанның адами капиталына бағытталған ұзақ мерзімді инвестицияларымыздың бірі. АХҚО академиясының майнор-бағдарламаларын қолдау еңбек нарығында сұранысқа ие өзекті білім мен дағдыларға ие мамандарды даярлауға бағытталған. Біз мұндай жобалар білім беру мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайтып, тұрақты дамуға және жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететініне сенімдіміз».

Майнор-бағдарламаларды университеттің оқу процесіне енгізу келесі оқу жылы басталады.

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz  

«Freedom Шапағат» корпоративтік қоры – білім беру, мәдениет, спорт және тұрақты даму салаларындағы ESG-жобаларды жүзеге асыратын әлеуметтік бағытталған қор. Қор демеушілік және қайырымдылық көмектің операторы ретінде адами капиталды дамытуға және Қазақстанда ұзақ мерзімді әлеуметтік әсер қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдайды. Қордың құрылтайшысы – Freedom Holding Corp.

AIFC Services Assistant