АХҚО академиясының білім беру бағдарламалары «Қонаев университетінің» оқу процесіне енгізіледі

23 қаңтарда Алматыда «Қонаев университетіне» «Астана» халықаралық қаржы орталығының академиясы әзірлеген майнор-бағдарламаларды тапсыру рәсімі өтті. Білім беру модульдері қазіргі заманғы қаржының негізгі бағыттарын қамтиды және «Қонаев университетінің» студенттеріне қаржы секторының әртүрлі бағыттары туралы өзекті білім бере отырып, еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Майнор-бағдарламаларын АХҚО академиясы Freedom Шапағат корпоративтік қоры арқылы Freedom Broker қолдауымен дайындады.

Майнор-бағдарламалар дегеніміз – жоғары оқу орындарының жалпы білім беру бағдарламаларына интеграцияланған қысқа мерзімді сертификаттау курстары. Бағыт пен қиындық деңгейіне байланысты оқу ұзақтығы үш айдан төрт айға дейінгі мерзімді қамтиды.  

«Freedom Шапағат» корпоративтік қорының басқарушы директоры Руслан Жұмашев: «Білім беру бастамаларын қолдау – Freedom Шапағат қоры үшін басты басымдықтардың бірі. Біз адами капиталды дамытуға инвестициялар қаржы секторының және жалпы экономиканың тұрақты дамуына тікелей әсер ететініне сенімдіміз. АХҚО академиясының майнор-бағдарламаларын «Қонаев университетіне» беру студенттерге нарық талап ететін тәжірибеге бағдарланған білім алуға қосымша мүмкіндіктер туғызады және тез өзгеріп жатқан қаржылық орта жағдайында жұмысқа дайын мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етеді».

Freedom Broker білім беру жобалары департаментінің директоры Жанна Кашенова: «Берілетін майнор-бағдарламалар тізбесіне «Туынды бағалы қағаздар: опциондар», «Активтерді басқару», «Қаржы нарығын реттеу», «Халықаралық коммерциялық дауларды шешу» сияқты курстар кірді. Олар студенттерге дағдылар мен білімді кеңейтуге, оларды еңбек нарығында барынша бәсекеге қабілетті етуге және пәнаралық тапсырмаларға жақсырақ дайындалуға қосымша мүмкіндіктер беруге арналған».

АХҚО академиясы жобасының жетекшісі Айгүл Қазбекова: «Майнор-бағдарламалар студенттерге жаңа әрі перспективалы салаларда қосымша дағдыларды ұсына отырып, оларға еңбек нарығының өзгерістері мен талаптарына тез бейімделуге көмектеседі. Олар қосымша құзыреттерге ие болады, ал қаржы секторы өз кезегінде өзекті білімі бар дайындықтан өткен кадрлардың нарыққа шығуы арқасында тұрақты өсуге мүмкіндік алады. АХҚО академиясы қаржы саласындағы өз дағдылары мен тәжірибесін бере отырып, Қазақстандағы жоғары білім беруді дамыту процесінің бір бөлігі болғанына қуанышты.»

Білім беру процесіне майнор-бағдарламаларды енгізу ағымдағы оқу жылында басталады деп күтілуде. «Қонаев университеті» студенттері қаржы саласының негізгі бағыттары бойынша зерделеу және білімді тереңдету үшін осы курстарды таңдай алады.

«Қонаев университетінің» ректоры Өмірәлі Жазира Өмірәліқызы: «Бүгін біз үшін маңызды және айтулы күн – біз студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтетін және тәжірибеге бағдарланған даярлықты күшейтетін төрт майнор-бағдарламаны ресми түрде қабылдай отырып, Қонаев университеті дамуының жаңа парағын ашудамыз. Біз сенім мен жемісті ынтымақтастық үшін серіктестерімізге шын жүректен алғыс айтамыз. Қаржы нарықтары, активтерді басқару және халықаралық коммерциялық дауларды шешу бағыттары бойынша жаңа бағдарламалар студенттерімізге өзекті құзыреттерді игеруге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және кәсіби болашақты нық құруға көмектесетініне сенімдімін. Университет өз тарапынан осы бағдарламаларды сапалы енгізу және табысты іске асыру үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді».

Анықтамалық ақпарат:     

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz

«Қонаев университеті» – құқық, бизнес, басқару және қаржы бағыттары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет тәжірибеге бағдарланған оқытуды дамытуға, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға және еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға бағытталған. Білім беру процесінде оқытудың заманауи технологиялары қолданылады, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметі дамиды, сондай-ақ жұмыс берушілермен және кәсіби қоғамдастықпен өзара іс-қимыл нығайтылады.

«Freedom Шапағат» корпоративтік қоры – білім беру, мәдениет, спорт және тұрақты даму саласындағы ESG-жобаларды іске асыратын және сүйемелдейтін әлеуметтік бағдарланған қор. Қор адами капиталды дамытуға және Қазақстанда ұзақ мерзімді әлеуметтік әсерлер қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдай отырып, демеушілік пен қайырымдылық көмегінің операторы ретінде әрекет етеді. Қордың құрылтайшысы – Freedom Holding Corp.   

AIFC Services Assistant