АХҚО-да AIFC Community: 2025 Business Wrap-Up қорытынды кездесуі өтті   

«Астана» халықаралық қаржы орталығында AIFC Community: 2025 Business Wrap-Up қорытынды кездесуі өтті. Қатысушылар жыл ішіндегі жұмыстың негізгі нәтижелерін қорытындылады және 2026 жылы АХҚО экожүйесін дамытудың негізгі бағыттарын талқылады. 

AIFC Community: 2025 Business Wrap-Up іс-шарасына қаржы орталығы экожүйесінің негізін құрайтын компаниялардың – қаржы, инвестициялық, консалтингтік және басқа компаниялардың 150-ден астам өкілі жиналды.   

«2025 жыл АХҚО экожүйесі үшін табысты жыл болды. Біз қаржы орталығымыздың аймақтың жетекші қаржы хабы ретіндегі позициясын нығайттық, халықаралық ынтымақтастықты кеңейттік және бизнес пен инвесторлар үшін жаңа қаржы өнімдерін іске қостық. 2026 жылы біз юрисдикцияның тартымдылығын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және АХҚО-ға қатысушы компаниялардың тұрақты өсуі үшін жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастырамыз», – деп атап өтті АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров. 

Іс-шарада сарапшылар 2026 жылы қаржы секторын дамытудың негізгі бағыттарын ұсынды.  

«Біз АХҚО-ны бірыңғай цифрлық экожүйе және толыққанды «бір терезе» моделі ретінде дамытып жатырмыз. Бұл модель әрбір қатысушыға жоғары сапалы қызметтерді, тиімді құралдарды және платформалық шешімдерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Біздің мақсатымыз — АХҚО-ны тек реттеуші юрисдикция ғана емес, сондай-ақ бизнеске қолайлы жұмыс істеуге, қызметін кеңейтуге және жаһандық нарықтарға үздіксіз интеграциялануға мүмкіндік беретін ортаға айналдыру», — деп атап өтті АХҚО әкімшілігі басқармасының төрағасы Бақтияр Тілеубеков.  

АХҚО әкімшілігінің клиенттермен жұмыс жөніндегі бас директоры Бауыржан Канкин бизнесті қолдауға және қаржы орталығының экожүйесін дамытуға бағытталған АХҚО қатысушыларын қолдау стратегиясын ұсынды. 

«AIFC Community өзін кері байланыс, білім алмасу және кәсіби байланыстарды нығайту үшін маңызды платформа ретінде таныта алды. АХҚО юрисдикциясында жұмыс істейтін әрбір компания нақты қолдауды сезінуі және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуі үшін біз бұл бастаманы дамытатын боламыз», – деп атап өтті АХҚО әкімшілігінің клиенттермен жұмыс жөніндегі бас директоры Бауыржан Канкин.  

Кездесу барысында ASP Capital бас заң консультанты Жан-Поль Ян Ткачев АХҚО-да лицензиялау тәжірибесі және 2026 жылы қатысушыларды қандай өзгерістер күтетіні туралы өз ойымен бөлісті. Atlas Capital бизнес-даму және инвестициялар жөніндегі директоры Аспандияр Файзуллин АХҚО-да инвестициялық қорларды құрылымдау тәсілдерін ұсынып, юрисдикцияның капиталды тартуға арналған халықаралық стандарттарының артықшылықтарын атап өтті. Спикерлер нарықта жұмыс істейтін компаниялардың табысты кейстерін атап өтті және экожүйенің қатысушылар үшін жаңа мүмкіндіктерді белгіледі. 

 Кездесуде АХҚО-ның жаңа бастамасы – АХҚО амбассадорлары институты таныстырылды, ол қазақстандық және халықаралық аренада юрисдикция мүмкіндіктерін ілгерілететін қаржы орталығының қатысушы компаниялары өкілдерін біріктіреді. АХҚО әкімшілігінің коммуникациялар және маркетинг жөніндегі бас директоры Елена Пак қатысушылар қауымдастығы қаржы орталығының дамуында шешуші рөл атқаратынын атап өтті: «Біздің қатысушыларымыздың табысы – АХҚО-ның табысы. Біздің қатысушыларымыздың іскерлік белсенділігінің арқасында АХҚО экожүйесі сапалы дамуда және жаһандық деңгейде өзінің бәсекелестік артықшылықтарын күшейтуде». 

Сондай-ақ кездесуде АХҚО биржасының өкілдері AIX Registrar қызметтері және AIX-тегі брокерлермен жұмыс бағыттары туралы айтып берді.  

AFSA саясат кеңсесінің басқарушы директоры Николаус Гагуа Реттеушінің 2026 жылға арналған стратегиялық басымдықтарын белгіледі.  

Бағдарламаның соңында орталық басшылығымен ашық диалог өтті: қатысушылар бастамаларды тікелей талқылауға және АХҚО басқарушысы Ренат Бектұровқа, AFSA бас директоры Евгения Богдановаға және АХҚО әкімшілігінің басқарма төрағасы Бақтияр Тілеубековке сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. 

Анықтамалық ақпарат:      

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz      

АХҚО баспасөз қызметі   

Айнұр Исабаева, баспасөз хатшысы   

E-mail: [email protected]   

AIFC Services Assistant