АХҚО-да бірқатар кадрлық тағайындау жасалды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің құрылымында оның қызметінің негізгі бағыттарын күшейтуге бағытталған кадрлық өзгерістер болды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ-ның қаржы директоры және әкімшілік блогының басшысы, сондай-ақ басқарма мүшесі болып Жұмагүл Аманқұлова тағайындалды. Ол бұған дейін Бухгалтерлік есеп, салық салу және қазынашылық департаментінің директоры лауазымын атқарып келген.

АХҚО әкімшілігінің өнімдер жөніндегі бас директоры болып Delivery Unit компаниясындағы Реформалар орталығын басқарған Жанболат Кәкішев тағайындалды.

АХҚО әкімшілігінің цифрлық технологиялар жөніндегі бас директоры болып Сайран Хамитов тағайындалды. Тағайындалғанға дейін ол АХҚО әкімшілігінің технологиялар департаментін басқарған еді.

АХҚО әкімшілігінің басқарма төрағасы Бақтияр Тілеубеков: «Біз АХҚО әкімшілігінің командасында жаңа тағайындаулар болғанын қуана хабарлаймыз. Олар қаржы өнімдерін дамытуға, орталық қызметінің негізгі бағыттарын цифрландыруды күшейтуге, АХҚО экожүйесіне заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталған. Жаңа басшылардың басқарушылық дағдылары, тәжірибесі мен стратегиялық көзқарасы АХҚО-ның аймақтағы жетекші қаржы орталығы ретіндегі позициясын одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін», – деп атап өтті.

Жұмагүл Аманқұлованың бухгалтерлік есеп, салық салу және қаржылық басқару саласында 18 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. 2024 жылдың қараша айында ол АХҚО әкімшілігінің командасына бухгалтерлік есеп, салық салу және қазынашылық департаментінің директоры ретінде қосылды.

АХҚО-ға келгенге дейін Wood KSS компаниясында бас бухгалтер лауазымын атқарды, онда қаржылық операцияларға, аудитке, есептілікке, салық заңнамасының сақталуына жетекшілік етті. Ол Wood Group Kazakhstan, Amec Group Limited, Fircroft және KIS/Orion сияқты ірі халықаралық компанияларында басшылық лауазымдар атқарып, мол тәжірибе жинады. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (Нархоз)  «Қаржы менеджменті» мамандығы бойынша бітірген. Сертификатталған кәсіби бухгалтер, бірінші санаттағы салық консультанты.

АХҚО әкімшілігінің өнімдер жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалған Жанболат Кәкішев энергетика, қаржы, технологиялар, көлік, логистика және халықаралық бизнес салаларында 15 жылдан астам басқару тәжірибесіне ие. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі (2019).

2023 жылдың наурыз айынан бастап Delivery Unit-те реформаларды іске асыру жөніндегі жобалық офисті басқарды. Бұған дейін QazTech технологиялық компаниялар қауымдастығының бас директоры лауазымын атқарған, Astana Invest басқарма төрағасы болған, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ, Creeris Ventures, ExxonMobil, Agip KCO және басқа да ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқарған.

Лондон Корольдік колледжінің (Ұлыбритания) инженерия бакалавры, Райс университетінің (АҚШ) қаржы және энергетика саласындағы MBA дәрежесін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (Ресей) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.

Сайран Хамитовтың цифрлық технологиялар, аналитика және жобаларды басқару саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. 2019 жылы АХҚО командасына қосылып, АХҚО әкімшілігіндегі жобалар портфелін басқару департаментінің директоры болды. Кейіннен АХҚО еншілес ұйымы – AIFC Business Connect Ltd. аналитика және технологиялар департаментін басқарды. 2023 жылдың наурыз айынан бастап осы тағайындауға дейін АХҚО әкімшілігінің технологиялар департаментінің директоры лауазымын атқарып, цифрлық трансформация және инновацияларды енгізу жобаларына жетекшілік етті.

Бұған дейін Satbayev University Қашықтан білім беру институтының директоры лауазымын атқарған, Capital Bank Kazakhstan және HSBC Bank Kazakhstan-да бизнес-процестерді оңтайландыру департаменттерін басқарған. Air Astana, Technip Italy және Eurest Raytheon-да басшылық лауазымдарда еңбек етті. «Сколково» бизнес-мектебінде біліктілікті арттыру бағдарламасының жеңімпазы, Project Management Institute-тан сертификатталған жоба жетекшісі (PMP) атағын алды. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Иллинойс технологиялар институтында (АҚШ) ақпараттық технологиялар және менеджмент магистрі дәрежесін, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың қолданбалы математика саласының бакалавры дәрежесін алған.

Анықтамалық ақпарат:  

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

АХҚО баспасөз қызметі

Айнұр Исабаева, баспасөз хатшысы

Тел: +7 701 777 65 58

E-mail: [email protected]

AIFC Services Assistant