АХҚО-да өткен исламдық қаржы және бизнес форумына Орталық Азия мен ТМД елдерінің сала көшбасшылары жиналды

2025 жылғы 19 мамырда «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында Қазақстан, Орталық Азия және ТМД елдерінен 200-ден астам қатысушыны жиналған айтулы аймақтық оқиға – Islamic Finance and Business Forum өтті. Форумды АХҚО қолдауымен Исламдық қаржы мен бизнес қауымдастығы (AIFB) және TIDAM коммуникациялық агенттігі Zaman Bank, Al Safi Bank, ITS және Alif (Өзбекстан) серіктестігімен бірлесіп ұйымдастырды.  

Іс-шараға қатысушылар өңірдегі ислам қаржысының трансформациясы мен дамуын, цифрландыруды, халал-экономиканы және әйелдер көшбасшылығын ілгерілетуді талқылады. Атап айтқанда, спикерлер өңір мен әлемдегі ислам қаржысының перспективаларын талқылап, өз нарықтарында исламдық банкингті енгізу тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, ислам қаржы саласындағы әйелдердің рөлі мен кәсіби кедергілерді еңсеру мәселесіне, сондай-ақ осы бағыттағы табысты бастамаларға ерекше назар аударылды. 

Бұған қоса, сарапшылар исламдық қаржы өнімдерін ілгерілету үшін цифрлық технологияларды қолдану, соның ішінде исламдық стартаптарды дамыту мәселелерін де талқылады. 

Форум аясында АХҚО әкімшілігі мен Silk Way Alem (қазақстандық бизнестің Нигериядағы өкілі, «Нигерия – Қазақстан» іскерлік кеңесінің тең құрылтайшысы) арасында меморандумға қол қойылды. Құжат исламдық банкингті дамытуға және АХҚО-ны Африка елдерінен исламдық қаржы институттары үшін халықаралық хаб ретінде ілгерілетуге, іскерлік сапарлар мен инвестициялық диалогты үйлестіруге, сондай-ақ бірлескен іс-шаралар өткізу мен тәжірибе алмасуға бағытталған. 

Сондай-ақ, іс-шара аясында AIFB мен Қазақстанның ислам құрылысшылар қауымдастығы, AIFB мен Compliance Hub, сондай-ақ ITS пен «Зекет» қайырымдылық қоры арасында меморандумдарға қол қойылды. Бұл келісімдер халал стандарттарын құрылыс саласына енгізу, комплаенс мәдениетін дамыту, бірлескен тәжірибе алмасу және басқа да бірқатар маңызды бағыттарды қамтиды. 

Ұлыбританиялық Cambridge IFA Қазақстанда алғаш рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ислам экономикасы мен бизнесінің дамуына елеулі үлес қосқан әйелдерді марапаттаған WOMANi халықаралық сыйлығының салтанатты рәсімі өтті.  Марапатталғандардың қатарында АХҚО әкімшілігінің және АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің (AFSA), орталық банктердің, Орталық Азия және Ресей елдерінің қаржы институттары мен бизнесінің өкілдері бар.  

WOMANi Significancica номинациясымен AIX басқарма төрайымы Әсел Мұкажанова марапатталды. Бұл сыйлық саланың дамуына оң өзгерістер әкелген елеулі жетістіктері мен қосқан үлесі үшін табысталады. 

WOMANi Influencer номинациясында АХҚО Әкімшілігінің исламдық қаржы бағытының жетекшісі Мадина Тұқылова мен АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің (AFSA) пруденциялық бақылау бөлімінің аға сарапшысы Құралай Елдесбай саланың дамуына үлес қосқандығы, адвокация, әлеуметтік бастамалар арқылы оң өзгерістерді қолдағаны үшін марапатталды. 

WOMANi Professional номинациясының жеңімпазы АХҚО Экспат орталығының директоры Айнұр Жұматова, ал WOMANi Kazakhstan номинациясында — АХҚО Әкімшілігінің исламдық қаржы бағытының жетекшісі Мадина Тұқылова атанды. 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің исламдық қаржы бағытының басшысы Мадина Тұқылова: «АХҚО исламдық қаржының жаһандық индустриясының бір бөлігі болып қана қоймай, сонымен қатар инфрақұрылымдық шешімдер, серіктестіктер және кәсіби қоғамдастық арқылы күн тәртібін белсенді қалыптастыруға деген ұмтылысын растайды. Форум аймақтық интеграцияны күшейту және аймақтағы исламдық қаржының жаңа өсу нүктелерін іске қосу жолындағы маңызды қадам болды».  

TIDAM стратегиялық коммуникациялар және бизнес-консалтинг агенттігінің директоры Айнұр Умаева форумның салада болып жатқан өзгерістердің айқын көрінісі екенін атап өтті: «Біз ислам экономикасының инвестициялардан бастап өмір салтына дейінгі көптеген бағыттарды қамтып келе жатқанын байқаймыз. Бұл форум аталған қозғалыстың технологиялық, этикалық және инклюзивті болашағы бар екенін көрсетті.» 

Islamic Finance and Business Forum АХҚО-ның исламдық қаржының өңірлік орталығы ретіндегі жайғасымын нығайтты, ынтымақтастықтың жаңа векторларын белгіледі әрі ауқымды бастамалардың бастапқы нүктесі бола білді. Қол қойылған келісімдер, сарапшылық сессиялар және қатысушылардың жоғары деңгейі ислам экономикасы өңірде сұранысқа ие болып қана қоймай, ел мен өңірдің орнықты және этикалық даму құралына айналғанын растады. 

Анықтамалық ақпарат:     

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz     

Қазақстанның қаржы және бизнес қауымдастығы – мақсаты еліміздегі ислам бизнесі мен қаржы қағидаттарын дамыту болып табылатын Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген коммерциялық емес ұйым. Қауымдастық кәсіпқойларды, кәсіпкерлерді, ғалымдарды және исламдық қаржы және бизнес индустриясының басқа қатысушыларын біріктіреді. www.aifb.kz  

Tidam стратегиялық коммуникациялар және бизнес-консалтинг агенттігі 2004 жылы Қазақстанда құрылған және Орталық Азия, Кавказ нарықтарында, Парсы шығанағы елдерінде жұмыс істейді. 2006 жылдан 2016 жылға дейін Агенттік Қазақстан мен Өзбекстандағы Ogilvy PR халықаралық желісінің эксклюзивті серіктесі болды. 20 жылдан астам уақыт ішінде Tidam U UN Women, Huawei Technologies, P&G, Mars, Nestlé, Visa және т. б. сияқты брендтер үшін ауқымды коммуникациялық науқандар мен беделді басқару жобаларын жүзеге асырды.www.tidam.co    

AIFC Services Assistant