АХҚО Экспат орталығы Алматыда қызмет көрсететін жаңа орын ашты

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Экспат орталығы пилоттық режимде Алматы қаласында қызмет көрсету орнын  іске қосты. Жаңа бастама қаладағы шетелдік инвесторлар мен АХҚО қатысушыларының қызметкерлеріне көрсетілетін қолдауды анағұрлым қолжетімді, ыңғайлы әрі жедел етуге бағытталған. Пилоттық жоба АХҚО-ның клиенттік инфрақұрылымды дамыту және Алматыда Экспат орталығы қызметтерінің көрсетілу аясын кеңейту жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болды.

Экспат орталығының жаңа қызмет көрсету орны   шетел азаматтарының Қазақстанда болуы мен іскерлік белсенділігіне байланысты негізгі мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық қолдау ала алады. Клиенттерге визалық-көші-қон қызметтері мен режимі бойынша консультациялар, сондай-ақ серіктестердің ұсыныстары мен артықшылықтарын қоса алғанда, Expat Centre AIFC Loyalty Club бағдарламасы жөнінде ақпарат пен қолдау қолжетімді. Экспат орталығы клиенттерге визалық-көші-қон режимін ұзарту талаптары (қағидалар, мерзімдер, негіздер) және құжаттар топтамасына қойылатын талаптар (тізбесі, нысандары, ресімдеудің дұрыстығы), сондай-ақ қолжетімді сүйемелдеу форматтары мен кейінгі қадамдардың тәртібі бойынша бағыт-бағдар алуға көмектеседі. Бұл ретте, қолданыстағы аумақтық тәртіпке сәйкес, АХҚО қатысушылары үшін мемлекеттік рәсімдерді ресми түрде ресімдеу бұрынғыдай Астанада жүзеге асырылады. Алматыдағы қызмет көрсету орны пилоттық кезеңде қосымша қолдау арнасы ретінде жұмыс істейді, ол жерде мемлекеттік органдар өкілдері болмайды.

« Біздің міндетіміз – бастапқы консультация мен түсіндіру жұмыстарынан бастап қолжетімді сервистер және Expat Cenrte AIFC Loyalty Club бағдарламасы бойынша сүйемелдеуге дейін шетелдік инвесторлар мен мамандар үшін түсінікті әрі жайлы клиенттік жолды қалыптастыру», – деп атап өтті АХҚО Экспат орталығының директоры Айнұр Жұматова.

Пилот аясында АХҚО Экспат орталығы болашақта Алматыда рәсімдердің қолжетімділігін кеңейту және клиенттерді сүйемелдеудің неғұрлым кешенді форматын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен және мемлекеттік қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылды жолға қоюда. Сондай-ақ Экспат орталығы бірлескен бастамалар мен серіктестіктер арқылы Алматының халықаралық қоғамдастығын қолдауға мүдделі компаниялар мен ұйымдармен ынтымақтастыққа ашық.

Офистің байланыс деректері:
Мекенжайы: Достық даңғылы 136, 7-қабат, 703 офис, Алматы

Алматы офисінің жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма, 09:00 – 18:00 сағ. арлығы


Сұрақтар бойынша:

[email protected]

[email protected]

Анықтамалық ақпарат:   

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz

АХҚО баспасөз қызметі

Айнұр Исабаева 

Баспасөз хатшысы 

E-mail: pr@aifc.kz

AIFC Services Assistant