АХҚО инвестициялық салықтың резиденттік бағдарламасын кеңейтеді 

Astana International Exchange биржасында қолжетімді бағалы қағаздарға инвестициядан бөлек, инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы ресми түрде екінші құрал – АХҚО-да тіркелген компаниялардың жарғылық капиталына инвестиция салуды іске қосты. Миграциялық қызметтерді алу бойынша сүйемелдеу АХҚО Экспат орталығы арқылы жүзеге асырылады. 

Қазіргі уақытта әлемде 80-нен астам инвестициялық көші-қон бағдарламасы бар, олар — шетелдік инвестицияларды тартудың, экономикалық өсуді ынталандырудың және әлемдік нарықтағы елдің позициясын нығайтудың маңызды құралы. Инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы халықаралық инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға, ұлттық экономиканың дамуына жәрдемдесуге және жоғары сапалы капиталды тартуға бағытталған. 

Инвестор неге ие болады: 

  • Инвесторлық виза (5 жылдан бастап) немесе Қазақстанда тұруға ықтиярхат 
  • Оңайлатылған тәртіппен шетелдік кірістерді салық салудан босатумен салықтық резидент мәртебесі 

Инвестиция көлемі: 

  • 60 000 АҚШ долларынан бастап – 5 жылға виза 
  • 300 000 АҚШ долларынан бастап – ықтиярхат 

Бұл мүмкіндіктердің арқасында АХҚО аясында жаһандық мобильдік пен капиталды басқаруға арналған эксклюзивті бағдарламаның жаңа артықшылықтары қолжетімді болады. 

Жеке кеңес алу үшін бізге жазыңыз: [email protected] 

Анықтама үшін: АХҚО-ның Инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы шетел азаматтарына (және азаматтығы жоқ тұлғаларға) инвестиция салып, Қазақстанда ұзақ мерзімді инвесторлық виза немесе уақытша тұруға рұқсат, сондай-ақ жеңілдетілген шарттармен салықтық резиденттік алуға мүмкіндік береді. 

AIFC Services Assistant