АХҚО IOSCO халықаралық стандарттарын енгізу бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына енді

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық ұйым (IOSCO) әзірлеген крипто және цифрлық активтерді реттеу жөніндегі халықаралық стандарттарды іске асыруда әлемнің жетекші юрисдикцияларының бірі ретінде танылды.
Бұл нәтиже IOSCO-ның 2025 жылғы қазан айында жарияланған «Крипто және цифрлық активтер нарықтары үшін IOSCO ұсынымдарының іске асырылуын бағалау» (Assessing the Implementation of IOSCO Recommendations for Crypto and Digital Asset Markets) атты Тақырыптық шолуда атап өтілді.
IOSCO құрамындағы 130-дан астам юрисдикцияның ішінен осы шолуға қатысу үшін инвесторларды қорғау, нарықтың адалдығын қамтамасыз ету және жауапты инновацияларды дамыту саласындағы ең дамыған реттеу тәсілдері бар 20 ел іріктелді.
АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров: «АХҚО цифрлық активтерді реттеу саласында IOSCO ұсынымдарын табысты енгізіп жатқан әлемнің төрт жетекші юрисдикциясының қатарына енді. Біз бұл бағытты жүйелі түрде дамытуды жалғастырамыз. Басты мақсатымыз — цифрлық активтер пайдаланушылары үшін барынша қолайлы, ашық әрі қауіпсіз жағдай жасау».
АХҚО қатысушылар арасында ең жоғары нәтиже көрсетіп, 2025 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша IOSCO-ның он басым ұсынымының барлығын іске асырды. Бұл жетістік Қазақстанның цифрлық активтерді реттеу бойынша ашық және қауіпсіз жүйе құруда әлемдік көшбасшылар қатарына енгенін дәлелдейді.
IOSCO есебінде АХҚО-ның цифрлық активтер саласындағы реттеуші базасына қатысты 30-дан астам оң пікір келтірілген, оның ішінде бес жағдайда АХҚО халықаралық үздік тәжірибе ретінде көрсетілген.
АХҚО-ның негізгі жетістіктері:
- цифрлық активтер қызметтерін көрсетушілер (ЦАҚК) үшін корпоративтік басқарудың сенімді стандарттарын енгізген он юрисдикцияның бірі;
- ЦАҚК-тардың рөлі мен ықтимал мүдделер қақтығыстары туралы толық ашықтық пен ақпаратты жариялауды қамтамасыз ететін он бір юрисдикцияның қатарына кіреді
- алаяқтықтың, нарықтық манипуляциялардың және инсайдерлік сауданың алдын алу шараларын толық енгізген он екі юрисдикцияның қатарына кіреді;
- жаһандық реттеушілермен және IOSCO құрылымдарымен 60-тан астам өзара түсіністік туралы меморандум жасасқан, халықаралық ынтымақтастықты кеңінен қолдайтын он тоғыз юрисдикцияның бірі;
- клиенттік активтерді сақтау бойынша барлық ұсынымдарды, соның ішінде күнделікті салыстыру мен стейблкоин резервтерінің жыл сайынғы тәуелсіз аудитін толық іске асырған санаулы юрисдикциялардың бірі;
- жеке клиенттерді қорғау жөніндегі барлық шараларды толық іске асырып, ЦАҚК-тарға клиенттердің инвестициялық сәйкестігін бағалау мен шағымдарды ашық қарауды міндеттеген сегіз юрисдикцияның бірі.
Реттеуші құмсалғышының (FinTech Lab), сондай-ақ АХҚО актілерімен әзірленген кешенді және прогрессивті реттеушілік базаның арқасында АХҚО-ның Қаржы қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) инвесторларды қорғаудың жоғары стандарттарын және нарықтың тұрақтылығын сақтай отырып, қаржылық инновацияларды дамытуға ықпал ететін теңгерімді орта қалыптастырды.
Бұл жетістік Қазақстан мен АХҚО-ның цифрлық активтердің әділ, ашық және инновацияға бағытталған экожүйесін қалыптастырудағы әлемдік көшбасшылар қатарындағы орнын бекітіп, елдің Еуразия аймағындағы сенімді реттеуші хаб ретіндегі рөлін растайды.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 астам елден 4500-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. afsa.aifc.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту
үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45