АХҚО мен CIBAFI Қазақстан мен Орталық Азия аймағында исламдық қаржыландыруды дамытуды нығайту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

2025 жылғы 3 желтоқсан, Манама, Бахрейн Корольдігі, Астана, Қазақстан Республикасы  

Қазақстанда және Орталық Азияның кең аймағында исламдық қаржы қызметтері индустриясын ілгерілету жөніндегі стратегиялық қадам шеңберінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Ислам банктері мен қаржы институттарының Бас кеңесі (CIBAFI) ынтымақтастықты нығайту және саланың тұрақты өсуін қолдау мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Келісім екі ұйымның да инновацияларды ілгерілетуге, әлеуетті арттыруға және исламдық қаржыландыру саласында білім алмасуға деген ортақ бейілдігін көрсетеді. 

Осы ынтымақтастық шеңберінде АХҚО мен CIBAFI CIBAFI-дың халықаралық тәжірибесін және АХҚО-ның аймақтағы елеулі қатысымын пайдалана отырып, исламдық қаржыландыру үшін негізді нығайтатын болады. Бұл серіктестік нарықтың өзгере бастаған талаптарын қанағаттандыру, саланың хабардарлығын арттыру және техникалық қолдау көрсету, сондай-ақ Қазақстандағы және көршілес өңірлердегі мүдделі тараптарға әлеуетті арттыру саласында қолдау көрсету үшін құрылған.  

Өзара түсіністік туралы меморандумға АХҚО Әкімшілігінің өнімдер жөніндегі бас директоры Жанболат Кәкішев пен CIBAFI бас хатшысы Хамза К. Бауазир қол қойды. 

Жанболат Кәкішев: «Біз исламдық қаржыландыру саласында мол халықаралық тәжірибесі мен техникалық білімі бар CIBAFI ұйымымен ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Бұл ынтымақтастық Қазақстанда және кең аймақта исламдық қаржыландыруды нығайтуда маңызды рөл атқарады. Біз бірлесіп хабардарлықты арттырамыз, таланттарды дамытамыз және исламдық қаржыландырудың тұрақты әрі бәсекеге қабілетті нарығын дамытуды қолдаймыз».  

Хамза К. Бауазир: «Бұл меморандум CIBAFI-дің маңызды ынтымақтастықты кеңейтуге және исламдық қаржыландырудың жаһандық дамуын қолдауға деген бейілдігін күшейтеді. Қазақстан саланың өсуі үшін зор әлеует көрсетуді жалғастыруда және АХҚО-мен күш біріктіре отырып, біз инновацияларды ынталандыруды, әлеуетті нығайтуды және сектордың тұрақты дамуына жәрдемдесуді көздеудеміз. Біз білім алмасуға және салада жоғары стандарттарға қол жеткізуге ықпал ететін ықпалды бастамаларды жүзеге асыруды асыға күтеміз». 

АХҚО мен CIBAFI арасындағы ынтымақтастық нарықты дамытуды нығайтуға бағытталған хабардарлықты арттыру бастамаларын, оқытудың мамандандырылған бағдарламаларын, консультациялық қызметтер мен техникалық көмекті қамтитын болады. Ұйымдардың бірлескен жұмысы саланы дамытуға және оның аймақтың экономикалық орнықтылығының негізгі факторларының бірі ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталатын болады. 

CIBAFI:  

CIBAFI – 2001 жылы Ислам Даму Банкі (IsDB) және бірқатар жетекші исламдық қаржы институты құрған халықаралық коммерциялық емес ұйым. CIBAFI – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (OIC) еншілес ұйымы. CIBAFI-де бүкіл әлем бойынша 30-дан астам юрисдикциядан 140-тан астам мүшесі бар және халықаралық исламдық қаржыландыру архитектурасының негізгі элементі ретінде танылған. 

Исламдық қаржыландырудың құндылық ұсынысын сақтай отырып, ағымдағы мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік беретін нақты іс-шаралар мен бастамаларды жүргізу арқылы исламдық қаржылық қызметтер индустриясының өсуін қолдау бойынша өз миссиясында CIBAFI мынадай стратегиялық мақсаттарды басшылыққа алады, олар: 1) исламдық қаржыландыру құндылықтарын және онымен байланысты саясаттар мен нормативтік актілерді ілгерілету; 2) тұрақты дамуды интеграциялау 3) салалық зерттеулер мен талдау; 4) кәсіби даму. 

CIBAFI хатшылығы: +973 17357300, электрондық пошта: [email protected] 

АХҚО:  

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz    

AIFC Services Assistant