АХҚО-ның “AIFC Insights” талдау орталығының есебі: Қалалар әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 80% қалыптастырады: smart шешімдер олардың экономикалық рөлін күшейтеді

Қалалар – әлемдік экономиканың негізгі драйверлері, олар әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 80% қалыптастырып, бизнесті, жұмыс орындарын, ресурстар мен инновацияларды шоғырландырады. Осы тұрғыда ақылды қалаларды дамытуға инвестициялар қалалық басқарудың тиімділігін, тұрақтылығы мен инвестициялық тартымдылығын арттырудың маңызды құралына айналуда. Осындай тұжырымдар АХҚО-ның “AIFC Insights” талдау орталығының BI Group ұйымының қолдауымен «Қала дамуының жаңа толқыны: ақылды қалалардың инфрақұрылымы мен технологияларына инвестициялар» есебінде келтірілген. 

Бүгінде қалалар тек әкімшілік орталықтар ғана емес. Олар деректер, интернет және жасанды интеллект өмір сапасын, басқару тиімділігін арттыру және қауіпсіз әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыру үшін пайдаланылатын өзара байланысты цифрлық экожүйелерге айналуда. 

Қазақстанда «Цифрлық Қазақстан» ұлттық бағдарламасы қалаларды цифрлық трансформациялаудың берік негізін қалады. Астана, Алматы және Шымкент қалалары жасанды интеллект базасында көлікті басқарудың, қалалық инфрақұрылым мониторингінің және талдаудың зияткерлік жүйелерін енгізуде, бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын арттыруға ықпал етеді. 

Атап айтқанда, Астанада Presight AI (БАӘ) компаниясымен бірлесіп заманауи ахуалдық орталықты, қалалық дата-орталықты құруды, негізгі инфрақұрылымдық жүйелерді цифрлық интеграциялауды, сондай-ақ деректер талдауы мен AI-технологияларды енгізуді көздейтін Smart City Astana ауқымды жобасы іске асырылуда. Мұндай цифрлық архитектура процестердің ашықтығын, басқару шешімдерінің жеделдігі мен негізділігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қалалық ортаның жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыра отырып, қалалық басқаруды жаңа деңгейге көтереді.  

Есепте ақылды қалалар тек технологияны енгізу туралы емес екені атап көрсетілген. Табыс деректердің интеграциясы деңгейімен, цифрлық инфрақұрылымның дамуымен және институционалдық сеніммен айқындалады. БҰҰ Электрондық үкіметтің даму индексіне сәйкес Қазақстан әлемде 24-ші орында, ал Smart Centres Index индексінде Астана цифрлық сервистерді дамытудың жоғары деңгейін көрсете отырып, 46-шы орында тұр.  

«Қалалар экономикалық өсім мен инфрақұрылымдық инвестициялардың негізгі алаңына айналуда: дәл осы қалаларда қосылған құн шоғырланып, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымға деген негізгі сұраныс қалыптасады. Сарапшылардың бағалауынша, Smart Cities жаһандық нарығы 2027 жылға қарай 1 трлн АҚШ долларынан асады. Біз, AXҚО ретінде, бұл үрдістен зор әлеует көріп отырмыз және халықаралық технологиялық компанияларды Қазақстан мен Орталық Азия нарығына тартуға алдағы уақытта да жәрдем көрсетуге дайынбыз», — деп атап өтті МФЦА Әкімшілігінің өнімдер жөніндегі бас директоры Жанболат Кәкішев. 

Цюрих, Сингапур, Сеул, Копенгаген, Дубай және Амстердам сияқты әлемдегі жетекші қалалардың тәжірибесі ақылды қалалардың табысқа жетуі енгізілген технологиялар санымен емес, институттардың жетілуімен, жүйелердің үйлесімділігімен және азаматтардың сенім деңгейімен анықталатынын көрсетеді. Ең жақсы нәтижелерге жекелеген пилоттық жобалардан ұлттық және қалалық деңгейлердегі шешімдерді келісе отырып, бірыңғай даму моделіне көшетін елдер мен қалалар қол жеткізеді. 

2050 жылға қарай әлем халқының шамамен 68% қалаларда тұрады деп болжануда. Бұл жағдайда қалалық тиімділік, тұрақтылық және цифрлық дайындық ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторларына айналады. Бұл ретте қалаларға жаһандық CO₂ шығарындыларының шамамен 75% тиесілі, ал әлемдегі ең ірі 25 қала парниктік газдар шығарындыларының жартысынан көбін қалыптастарады, бұл цифрлық және экологиялық тұрақты шешімдерді енгізудің маңыздылығын көрсетеді. 

Есеп қазақстандық қалалардың ауқымды цифрлық трансформациясына қатысқысы келетін және инновациялардың келесі толқынының бір бөлігі болғысы келетін мемлекеттік органдар мен бизнеске арналған. 

Анықтамалық ақпарат:     

Есеппен сілтеме арқылы танысуға болады. 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz 

АХҚО баспасөз қызметі  

Айнұр Исабаева, баспасөз хатшысы  

E-mail: [email protected] 

AIFC Services Assistant