АХҚО онлайн-қызметтерді алуға арналған жаңа порталды іске қосты

«Астана» халықаралық қаржы орталығы АХҚО-ның органдарымен және қатысушыларымен өзара іс-қимылды жеңілдету үшін жасалған цифрлық платформа – AIFC Portal-дың іске қосылғанын хабарлайды. Портал арқылы ASP-компаниялардың, Экспат орталықтың және басқаларының маркетплейсін қоса алғанда, әртүрлі қызметтерге өтінім беруге болады.
ASP Marketplace
ASP Marketplace бөлімінде қосалқы қызметтер ұсынушылардың (ASP) тізімі бар және қажетті қызмет түрлер бойынша фильтр қолдануға болады.
Бұл маркетплейс АХҚО-да енді тіркелетін немесе тіркелген бизнеске құқық, салық салу, бухгалтерлік есеп саласы және басқа да бағыттар бойынша кәсіби және білікті қызмет ұсынушыларды табуға және олармен байланысуға мүмкіндік беретін ыңғайлы интерфейсті ұсынады. Мұндай ұйымдар тіркелу, реттеу рәсімдері, корпоративтік құрылым немесе ағымдағы сүйемелдеу мәселелері бойынша қолдау көрсете алады.
Өз кезегінде АХҚО-да авторизацияланған қосалқы қызметтерді ұсынушылар үшін маркетплейстің іске қосылуы жаңа клиенттерді табуға қосымша мүмкіндік береді. Компанияны ASP Marketplace-ке орналастыруға өтінім беру үшін AIFC порталға өтіп, маркетплейс парағының жоғарғы оң жағындағы «Join the AIFC Marketplace» батырмасын басу керек.
Экспат орталықтың қызметтері
АХҚО Экспат орталығы да жаңа портал арқылы өз қызметтерін ұсынады. Порталда визалық-көші-қон және мемлекеттік қызметтер де бар, оларды онлайн ресімдеуге болады, процесс былай жүреді: өтінім беру, қажетті құжаттарды тіркеу және нәтиже алу.
Бұдан басқа, портал арқылы Экспат орталыққа қабылдау жазылады, бұл қызметті ыңғайлы алу үшін осы орталыққа сапарды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Цифрлық форматтың басты артықшылықтарының бірі – берілген өтінімдердің жай-күйін нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі, бұл процесті шетелдік азаматтар мен компаниялар үшін ашық әрі ыңғайлы етеді.
Сондай-ақ платформада әр қызметке қажетті құжаттардың толық тізбесі көрсетілген, бұл өтінімдерді дайындау мен беру процесін жеңілдетеді. Қызметті таңдаудан бастап нәтижеге алуға дейін кез-келген кезеңде жан-жақты көмектесетін онлайн-қолдау қолжетімді.
Бұдан бөлек, АХҚО порталында шетел азаматтары мен олардың отбасылары Адалдық клубының мүшелігін онлайн режимінде сатып ала алады. Өтінім берілгеннен кейін бағдарламаға қатысушылардың электрондық поштасына адалдық картасы келеді, бұл бағдарламаның барлық серіктестерінен эксклюзивті жеңілдіктер, қызметтер және арнайы ұсыныстар алу үшін картаны бірден пайдалануға мүмкіндік береді. Жеңілдетілген тіркеу процесі бағдарламаның артықшылықтарына жылдам әрі ыңғайлы қосылуды қамтамасыз етеді.
Еске сала кетейік, Экспат орталықтың Адалдық клубы шетелдік азаматтардың Қазақстанда болуын жайлы етуге бағытталған. Клуб қызмет ұсынушылардың артықшылықтары мен эксклюзивті ұсыныстарын, сондай-ақ мәдени іс-шаралар мен қоғамдастық құру мүмкіндіктерін ұсынады.
Айта кетейік, порталдың функционалы бизнес пен азаматтар үшін АХҚО органдарымен және қатысушылармен өзара іс-қимылды барынша қолайлы ету үшін қосымша сервистер есебінен үнемі кеңейтілетін болады.
Порталдың барлық қолжетімді қызметтерімен https://portal.aifc.kz сілтемесі бойынша танысуға болады.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz