АХҚО Сотының 2024 жылғы жыл сайынғы сот ісін жүргізу байқауының финалы

Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеттің («MNU») командасы АХҚО Сотының 2024 жылғы жыл сайынғы сот ісін жүргізу байқауының финалында жеңіске жетті. Биыл байқау жетінші рет ұйымдастырылды. Алдын ала кезеңдерге Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің он екі заңгер студенттер командасы қатысты. Финалда KIMEP университетінің командасы екінші орынға ие болды.
Алдын ала кезеңдерден өткен екі үздік команда финалға шықты, оларды АХҚО Сотының Пайдаланушылар комитетінің аға заңгерлері бағалады. MNU командасы жеңімпаз кубогын төртінші рет қатарынан иеленді. «Үздік спикер» жүлдесі MNU өкілі Дарина Қойшыбаеваға берілді. Барлық финалистер АХҚО Соты мен ХТО-да тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
Финалда қазылар алқасы құрамында АХҚО Сотының Төрағасы, мәртебелі Бернетт Лорды Мэлдон, сондай-ақ АХҚО Сотының судьялары – сэр Стивен Ричардс және Том Монтегю-Смит KC болды. Ашылу салтанатында сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев мырза, Қазақстан Республикасындағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Лич ханым және Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы Айгүл Қыдырбаева ханым. Құрметті қонақтардың қатарында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Ескәрбаев мырза, Қазақстан Республикасындағы 11 елшіліктің елшілері мен басқа да дипломаттары, АХҚО Сотының Пайдаланушылар комитетінің мүшелері және Қазақстанның заң және бизнес қауымдастығының өкілдері болды.
АХҚО Сотының 2024 жылғы сот ісін жүргізу байқауы Еуразия аймағындағы заңгер студенттерге АХҚО Сотының аға судьяларының алдында ағылшын тілінде жалпы коммерциялық құқық мәселелері бойынша ауызша заң аргументтерін үйреніп, ұсынуға бірегей мүмкіндік береді. Биыл студенттер Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған цифрлық жабдықталған алаңды қамтамасыз етуге байланысты заң мәселесін және АХҚО Сотының бірінші сатыдағы Сотының қиялданған шешіміне апелляцияны қарастырды.
Анықтама:
Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) тәуелсіз орган болып табылады және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына сәйкес негізделген.
ХТО төрешілерінің құрамына жер қойнауын пайдалану, сауда, мұнай-газ секторы, құрылыс, энергетика, ислам қаржысы, банкинг, зияткерлік құқық салаларында және коммерциялық және азаматтық құқықтың басқа да салаларында төрелік бойынша көп жылдық тәжірибесі бар жетекші халықаралық төрешілер кіреді. https://iac.aifc.kz/
АХҚО Соты тәуелсіз орган болып табылады және Англия мен Уэльстің жалпы құқық қағидаттарына және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген.
АХҚО соты бірінші сатыдағы соттан және апелляциялық соттан тұрады. Күрделілігі мен сомасы бойынша болмашы дауларды жедел шешуді қамтамасыз ету үшін бірінші сатыдағы сотқа ұсақ дау-дамайлар соты кіреді.
АХҚО соты әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырмайды және қатысушылар, АХҚО органдары арасындағы дауларды және АХҚО құқығына сәйкес АХҚО-да жүзеге асырылған операциялар бойынша дауларды шешуді қамтамасыз ету үшін айрықша юрисдикциясына ие. Сонымен қатар, АХҚО соты тараптардың келісімі бойынша АХҚО сотына берілген дауларды қарай алады. https://court.aifc.kz/
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекітілуі болып табылады. www.aifc.kz