AIX 2025 жылдың 9 айындағы қызмет нәтижелерін ұсынады

Жаңа өнімдерді енгізу арқылы нарықты дамыту
Astana International Exchange (AIX, «Биржа») 2025 жылдың 9 айындағы қызметінің нәтижелерін ұсынады. Бұл кезең дәстүрлі және цифрлық қаржыны тоғыстырған инновациялық өнімдердің нарыққа шығуымен, жаңа листингтер санының өсуімен және сауда айналымының айтарлықтай ұлғаюымен ерекшеленді.
2025 жылдың үшінші тоқсанында AIX бірнеше маңызды межеге жетті, соның ішінде биржа құрылған сәттен бастап 500-ші листинг тіркелді, және жыл басынан бергі сауда айналымы 1 миллиард АҚШ долларынан асты.
AIX Басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай деп атап өтті:
«Жуырда AIX маңызды межеге жетті, бұл біздің қарқынды дамуымыз бен нарықтағы белсенділігімізді көрсетеді. AIX ресми тізіміндегі құнды қағаздардың саны артып келеді, бұл бизнестің және эмитенттердің AIX-ке деген сенімінің айғағы».
2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі көрсеткіштер:
- Бағалы қағаздар листингі: AIX ресми тізімінде 176 эмитенттің 334 құнды қағазы тіркелген.
2025 жылдың 9 айында 118 эмитенттің 142 бағалы қағазы енгізілді. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы 140 құнды қағаз тіркелген. - Тартылған капитал (қарыздық және үлестік): Биржа іске қосылғаннан бері – 10,2 млрд АҚШ доллары,оның ішінде 2025 жылдың 9 айында – 3,2 млрд АҚШ доллары тартылды.
- Сауда көлемі: Жыл басынан бері 1,1 млрд АҚШ доллары,бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңіндегі 923,4 млн АҚШ долларымен салыстырғанда 21%-ға артық.
- Нарық қатысушылары: 57 сауда мүшесі, олардың қатарында Қазақстан, Қытай, Еуропа және Таяу Шығыстан келген брокерлер бар. 2025 жылы 6 жаңа брокер мен 3 кастодиан қосылды.10 жаһандық кастодиан AIX Орталық депозитарийінде (AIX CSD) есепшот ашқан.

Сауда көрсеткіштері
Сауда көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. Жыл басынан бергі сауда айналымы 1 миллиард АҚШ долларына 9 қыркүйекте жетті, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 18 қазанда тіркелген. Құрылымдық өнімдермен (ETF және ETN) сауда көлемі де күрт өсуде.
Жаңа листингтер
2025 жылдың үшінші тоқсанында жергілікті инвестициялық нарықты әртараптандыруға және Қазақстанның жаһандық цифрлық қаржы нарығындағы орнын нығайтуға бағытталған бірнеше жаңа өнім іске қосылды:
- AIX-тегі алғашқы коммерциялық облигациялар —
Alatau City Bank AIX-те коммерциялық облигациялар бағдарламасын тіркеген алғашқы эмитент болды. Бағдарлама екі транштан тұрады, жалпы сомасы 500 млн АҚШ доллары. - Eurasia Mining PLC-дің Лондон қор биржасынан кросс-листингі —
Eurasia Mining PLC-дің қарапайым акциялары 2025 жылдың шілдесінде AIX-те листингке енгізілді және саудаға жіберілді. Бұл акциялар LSE және AIX арасында өзара ауыспалы. - Орталық Азиядағы инновациялық цифрлық ETF-тер: Fonte Bitcoin Exchange Traded Fund OEIC PLC (BETF) – Қазақстан мен Орталық Азияда тіркелген алғашқы спот Bitcoin ETF – 2025 жылдың тамызында саудаға түсті. Осылайша AIX дәстүрлі және цифрлық активтерді біріктірген өңірдегі алғашқы биржаға айналды. Қыркүйекте Fonte Capital Ltd. тағы бір инновациялық өнім – Fonte Solana ETF (SETF) – әлемдегі алғашқы стейкингі бар спот Solana ETF-ті тіркеді. Қыркүйектің соңына дейін BETF және SETF бойынша жалпы сауда көлемі 1,6 млн АҚШ долларын құрады.
- AIX/HKEX алғашқы қосарлы листингі: Jiaxin International Resources Investment Limited акциялары AIX және Гонконг қор биржасында (HKEX) бір мезгілде листингке енгізілді. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы алғашқы трансшекаралық IPO және Орталық Азиядағы алғашқы юаньмен номинацияланған IPO болды. Сондай-ақ бұл AIX-тегі “Belt and Road Initiative” сегментіндегі алғашқы орналастыру. Компания Қазақстанның Алматы облысындағы әлемдегі төртінші ірі вольфрам кені – Бұғаты кен орнын игеру құқығына ие. Орналастыру бағасы 9,93 юаньды құрап, алғашқы күні акциялар бағасы 2,8 есеге өсіп, 27,81 юаньға жетті.
- Қарыздық ноталар: R Debentures LLC (АҚШ, Делавэр штаты) Deal Drive Car Rental LLC компаниясын қаржыландыру үшін қарыздық ноталар шығарды. Бұл компания MENA және Еуропа өңірлеріндегі автодилерлерге арналған финтех-платформа болып табылады және жасанды интеллект арқылы қойма, баға және сату талдауын жүргізеді. Орналастыру көлемі – $2 млн, мерзімі – 2 жыл, ай сайынғы купондық төлемі – жылына 10,25%.
Листинг ережелеріндегі өзгерістер
- Шағын және орта бизнес облигациялар бағдарламасы: AIX 2023 жылы қабылданған ШОБ облигациялар бағдарламасын жетілдірді. Жаңартылған жеңілдетілген талаптар шағын және орта бизнеске капитал нарығына шығуға көбірек мүмкіндік береді. Негізгі өзгерістерге облигация мерзімін ұзарту, әртүрлі валюталарда шығару мүмкіндігі, бағдарламалық құрылым, операциялық тарихқа қойылатын талаптарды азайту және салалық шектеулерді алып тастау кіреді. Time Building 2050 LLP жаңартылған ережелер бойынша облигация шығарған алғашқы компания болды.
- Листингсіз бағалы қағаздар: 2025 жылдың қыркүйегінде листингке енгізілмеген бағалы қағаздармен биржадан тыс операциялар іске қосылды. Мұндай қағаздарды шығару, есеп айырысу және сақтау қызметтері тек аккредитациядан өткен кәсіби инвесторларға қолжетімді және AIX-те листингке енгізуді немесе саудаға рұқсатты талап етпейді. Листингсіз бағалы қағаздардың алғашқы шығарылымын BRIG тікелей инвестициялар қоры үшін жүзеге асырылды. Қорды МФЦА-да лицензияланған SQIF AM Ltd басқарады.
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz