AIX, Intebix, Solana Foundation және Jupiter қосарлы листинг және блокчейн интеграциясының тетіктерін зерделеу үшін өзара түсіністік туралы тарихи меморандумға қол қойды

Жария нарықтар мен цифрлық қаржының болашағын өзгертуге бағытталған стратегиялық бастама шеңберінде AIX, Intebix, Solana Foundation және Jupiter акцияларды бастапқы жария орналастыруға (IPO) шығатын компаниялар үшін қосарлы листинг тетігін құру мүмкіндіктерін бірлесіп зерделеу үшін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум компаниялардың бағалы қағаздарының AIX биржасындағы бір мезгілдегі листингін және олардың Solana Foundation мен Jupiter блокчейн-технологиялары мен сараптамасын пайдалана отырып жұмыс істейтін Intebix платформасындағы токенизацияланған листингін бағалау масатында әлеуетті ынтымақтастық аясын сипаттайды.
Бұл инновациялық тәсіл тиімділікті арттыруға, капитал нарықтарына қолжетімділікті кеңейтуге және компаниялар мен инвесторларға дәстүрлі және цифрлық экожүйелердің ең жақсы мүмкіндіктерін ұсынуға бағытталған.
Тараптар осы тетіктің нормативтік, техникалық және коммерциялық аспектілерін зерделеу мақсатында күш біріктіруге, ортақ көзқарасқа сүйене отырып, қосарлы листингтің сенімді, ашық әрі қауіпсіз моделін құруға уағдаласты.
Әсел Мұқажанова, AIX басқарма төрайымы:
«Бұл келісім – дәстүрлі капитал нарықтарын блокчейнге негізделген жаңа буын платформаларымен біріктірудің маңызды қадамы. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз инновация мен сенім ұштасқан ортаны қалыптастырамыз.»
Intebix бас директоры Талғат Досанов:
«Бұл меморандумға қол қою – Қазақстанның қаржылық ландшафтын да, жаһандық нарықтарды да өзгерте алатын стратегиялық қадам. Intebix-те біз дәстүрлі қаржы мен блокчейн технологиялары арасындағы алшақтықты жоюға тырысудамыз. Классикалық IPO-мен қатар токенизацияланған листинг мүмкіндігін ұсына отырып, біз капиталды тартудың жаңа дәуірінің негізін қалаудамыз».
Solana Foundation маркетинг жөніндегі директоры Акшай БД:
«Капитал нарықтары онлайнға өтуде және ұлттық юрисдикциялар мен биржалардың аясынан шығуда. Біз қосарлы листингті және басқа да интернеттегі балама әдістерді қоса алғанда, жаңа буын IPO-сын қолдайтын нормативтік базаны құруда AIX-пен ынтымақтастық орнатқанымызды мақтан тұтамыз».
Jupiter операциялық директоры Кэш Дханда:
«Қазақстанның көшбасшылығы – бұл әлемге белгі: капиталды тартудың болашағы ончейн, ашық әрі үйлесімді болмақ. Біз орталықтандырылмаған қаржы саласындағы тиісті талаптар мен ауқымды шешімдерді әзірлеу үшін тығыз ынтымақтастықты асыға күтеміз».
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ ақпарат: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Intebix – Еуропалық Одақ пен Австралияда мол жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстандағы цифрлық активтердің лицензияланған биржасы. Қазақстанның жетекші қаржы институттары мен халықаралық корпорациялардың ресми серіктесі бола отырып, Intebix озық технологияларға, криптовалюталар мен фиаттық валюталардың түйіскен жеріндегі терең өтімділікке, сондай-ақ танымал криптоактивтердің алуан түрлі портфеліне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. https://intebix.kz
The Solana Foundation – Цуга (Швейцария) орналасқан коммерциялық емес ұйым, қызметі Solana желісін орталықсыздандыруға, дамытуға және қауіпсіздік етуге бағытталған. Толығырақ: https://solana.org/
Jupiter – бұл спот, туынды және мобильді сауда үшін ең үздік құралдарды ұсынатын, Solana негізіндегі крипто-суперқолданба. Басқарылатын Jupiter DAO – криптоиндустриядағы ең ірі және ең белсенді орталықтандырылмаған автономды ұйым – Jupiter ыңғайлы интерфейс пен қуатты құралдар жиынтығының арқасында жаңа және кәсіби пайдаланушыларды тартты. Платформадағы 1,8 млрд-тан астам мәмілені құрайтын сауда-саттықтың жалпы көлемі 2 трлн доллардан асты. https://jup.ag