Amicorp Kazakhstan Limited компаниясы – АХҚО Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасының жаңа авторизацияланған агенті

АХҚО-да тіркелген және консультациялық қызметтер көрсететін Amicorp Kazakhstan (AIFC) Limited компаниясы АХҚО Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасының авторизацияланған агенті болып тағайындалды. 2023 жылдың қыркүйегінде іске қосылғаннан бері Бағдарлама резиденттікті алудың ашық шарттары мен қолайлы салық режимі арқылы халықаралық инвесторларды тарта отырып, тұрақты өсімді көрсетуде.
Серіктестік шеңберінде Amicorp Kazakhstan (AIFC) Limited компаниясы АХҚО Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасының өтініш берушілеріне қолдау көрсете отырып, авторизацияланған агент рөлін атқаратын болады. Жасалған келісім Қазақстанды ұзақ мерзімді тұруға және инвестициялар салуға арналған юрисдикция ретінде қарастыратын халықаралық инвесторлар үшін қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Amicorp Kazakhstan (AIFC) Limited Amicorp Group құрамына кіреді және Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі компаниялар, активтерді басқарушылар, институционалдық инвесторлар және отбасылық офистер үшін дербес шешімдер ұсынуға маманданған. Бұл ынтымақтастық Қазақстандағы инвестициялық ахуалды дамытуға үлес қосады және АХҚО-ның өңірдегі жетекші қаржы орталығы ретіндегі позициясын нығайтады деп күтілуде.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Экспат орталығы – шетелдік инвесторлардың, АХҚО қатысушыларының қызметкерлерінің және Астанаға келген шетелдік азаматтар үшін ел аумағында болуына қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ шетелдік азаматтардың қазақстандық қоғамға кедергісіз кірігуін қамтамасыз етуге арналған мамандандырылған көпфункционалды орталық. Экспат орталығы мемлекеттік қызметтердің кең спектріне, сондай-ақ ағылшын тілінде «бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік интеграция қызметтеріне қолжетімділікті ұсынады.