Астана екі жыл қатарынан  қаржы орталықтары рейтингінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағында көшбасшы атанды 

Global Financial Centres Index (GFCI 38 басылымы) жаһандық қаржы орталықтарының рейтингіне сәйкес Астана Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағында көшбасшы орынға ие болды. Қала Ыстамбұл, Варшава, Прага, Таллин, Рига, Кипр, Санкт-Петербург, Мәскеу, Алматы және басқа да қаржы орталықтарын басып озып, 2,5 жыл бойы аймақта көш бастап келеді. Жалпы рейтингте Астана әлемнің 120 қаржы орталығының ішінен 68-орынға ие болды.   

GFCI рейтингі әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының жетістіктерін көрсететін жылына екі есеп шығарады. GFCI рейтингі қаржы орталықтарын бағалаудың әлемдік стандарты саналады және Шэньчжэньдегі Қытай даму институты (CDI) мен Лондондағы Z/Yen Partners арасындағы серіктестік негізінде шығарылады. Бұл рейтинг бизнес-ортаны, қаржы секторын, инфрақұрылымды, адами капитал мен қалалардың беделін қоса алғанда, қаржы орталықтарын әртүрлі өлшемшарттар бойынша жан-жақты бағалауды білдіреді. 

GFCI-дің отыз сегізінші шығарылымында 135 қаржы орталығына талдау жасалды, олардың 120-сы негізгі индекске кірді. Рейтинг 140 макроэкономикалық көрсеткіш, сондай-ақ GFCI онлайн-сауалнамасына 4,8 мың қатысушы берген 28 мың баға негізінде есептелген. Макроэкономикалық деректерді Дүниежүзілік банк, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынады. 

Астана алғаш рет GFCI рейтингіне 2018 жылдың наурыз айында кірді, ал аймақтағы көшбасшылығы 2023 жылдың наурыз айында расталды. Қаланың рейтингке қосылуы АХҚО қызметінің нәтижесімен байланысты. Орталық өңірдегі инвестициялық тартымдылықты қалыптастыру және аймақтық хаб ретінде Қазақстанға деген сенімді күшейту бойынша негізгі рөлдердің бірін атқарады. Орталық бизнеске қолайлы жағдайлар жасау: үздік халықаралық стандарттар негізіндегі реттеу, дамыған қаржы инфрақұрылымы, тәуелсіз сот жүйесі, инновациялар мен қаржылық технологияларды дамыту арқылы капиталды тартуға көмектеседі. АХҚО бизнес-мәмілелер жасауға және түрлі қаржылық операцияларды жүргізуге қатысатын нарықтың жаңа қатысушыларын тартылыс орталығы ретінде қызмет етеді. 

Анықтамалық ақпарат:   

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz    

АХҚО баспасөз қызметі 

Айнұр Исабаева, баспасөз хатшысы 

Тел: +7 701 777 65 58 

E-mail: [email protected] 

 

AIFC Services Assistant