Astana Finance Days 2025 қорытындылары: құны 1,5 трлн АҚШ долларлық активтерді басқарушылар, 82 елден 5 500 қатысушы, жаңа листингтер мен келісімдер 

160 спикер, екі күнде 40 іс-шара, AIX биржасында төрт листинг және жеті келісім – мұның барлығы — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның басты қаржылық оқиғасы болған Astana Finance Days 2025 «Болашақтың негізін қалайтын капитал» форумының қорытындылары. 

Іс-шара 2025 жылғы 4-5 қыркүйекте Astana International Forum қолдауымен өтті. Форум бір алаңда 82 елден келген 5 500-ден астам қатысушы – мемлекеттік органдар өкілдері, сарапшылық қауымдастық, бизнес және Goldman Sachs, Brookfield, BNY Mellon және басқа да жалпы көлемі 1,5 трлн АҚШ долларын басқаратын қаржы институттарын біріктірді. 

Биылғы AFD форумы бірқатар ерекшеліктерімен есте қалды. Алғаш рет іс-шара салтанатты ашылу рәсімімен басталды. Рәсім қонақтарға Қазақстанның рухы мен өзіндік болмысын сезіндіре отырып, тұтас форумға бастау болды және АХҚО қызметінің негізінде жатқан ұлттық құндылықтар – қонақжайлық, әділет және сенімнің маңызын айқындады. 

Ашылу салтанатында ҚР премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сөз сөйледі: «Мемлекет басшысы алдымызға қойған басты міндеттердің бірі – инвестициялар тарту. (…) АХҚО осы мақсатты іске асыруда маңызды орынға ие. Өзінің құрылған сәтінен бастап АХҚО ағылшын жалпы құқығының қағидаттарына, тәуелсіз реттеуге және халықаралық стандарттарға негізделген бірегей институционалдық орта ұсынып келеді. Бұл жаһандық инвесторлардың сенімін нығайтып, орталыққа тұрақты өсімнің, капитал қозғалысының және қаржылық инновациялардың алаңы болуға мүмкіндік береді». 

Сондай-ақ форум қонақтарын «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Ренат Бектұров қарсы алды: «АХҚО-да капиталдың барлық түрі тоғысады. Біз өз шаңырағымыздың астына инвесторлар, инноваторлар, кәсіпкерлерді ашықтық, айқындық және адалдық қағидаттарына сүйене отырып біріктіреміз. Біз АХҚО-ның Орталық Азиядағы жаңа қаржы жүйесінің ырғағын белгілейтініне сенеміз. Мұнда тіркелген компаниялар саны өте көп, ал тартылған инвестициялар көлемі 17 млрд АҚШ долларынан асады. АХҚО тарихтың тоғысқан тұсында тұр, біз жаңа Жібек жолын қайта жаңғыртып отырмыз». 

Салтанатты рәсімнің қорытындысы АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров пен форумның басты спикерлерінің бірі – танымал футуролог және кәсіпкер Бретт Кингтің қатысуымен өткен Fireside Chat болды. Әңгіме барысында Бретт Кинг атап өтті:  «Жасанды интеллект қаржылық қызметтердің келбетін өзгертеді, өйткені автономды тәуелсіз жүйелерге көшу және жабдықтау тізбектерін автоматтандыру қазірдің өзінде өзгерістерге әкеліп жатыр. Дәстүрлі қаржы жүйелері өз мақсаттарына толық көлемде сәйкес келе алмай отыр. 1960-жылдары төлем жүйелері мүлде басқа болатын, ал бүгінде біз автономды операцияларды көріп отырмыз. Бұл қаржылық қызметтердің келесі буынын қолдау үшін жаңа техникалық инфрақұрылым қажет екенін білдіреді». 

Astana Finance Days қонақтарына АХҚО-ның бірегей корпоративтік музейі – «Сенім музейі» таныстырылды. Бұл қаржы орталығының бастамасы Қазақстандағы қаржы жүйесінің даму тарихын көне заманнан бүгінге дейін көрсетіп, капиталды тек экономикалық құрал ретінде ғана емес, негізінде сенім жатқан құбылыс ретінде танытады. 

Форум аясында сондай-ақ нетуоркиң-аймақ ұйымдастырылып, онда АХҚО органдарының өкілдері барлық ниет білдірушілерге консультациялар өткізді. Екі күн ішінде AFSA, АХҚО Әкімшілігі, Экспат орталығы және АХҚО Академиясының мамандары 65 консультация берді. Сонымен қатар қатысушылар бұл алаңда шамамен 400 екіжақты кездесу өткізіп, форум мүмкіндіктерін іскерлік байланыстарды дамыту үшін пайдаланды. 

Айта кетейік, форум аясындағы АХҚО ресми қабылдауында AIFC Awards 2025 марапатының жеңімпаздары жарияланды. Бұл сыйлық қаржы орталығы экожүйесінің дамуына инновациялар, ынтымақтастық, өсу және ықпал арқылы айтарлықтай үлес қосқан компанияларды мойындауға бағытталған. 

Номинациялар бойынша жеңімпаздар: 

  • Best Shariah-Compliant Financial Institution — Al Safi Bank Ltd. 
  • Innovation in Fund Structuring — Abylai Global Solutions Ltd. және Fonte Capital Ltd. 
  • Outstanding Contribution in Digital Asset Services — ATAIX Eurasia Ltd. 
  • Visionary in Alternative Financial Solutions — RCS Trust and Corporate Services Ltd. 
  • Best Advisory & Structuring Partner — Legal Consulting Community Limited 
  • Excellence in Audit Services — Moore Kazakhstan АХҚО филиалы 
  • Best AI-Driven Company — Presight AI Kazakhstan Ltd. 
  • Regional Business Expansion through AIFC — Solidcore Resources plc 
  • Tech for Finance Excellence — Freedom Finance Global PLC. 

Astana Finance Days 2025 іскерлік бағдарламасы 40 іс-шараны қамтыды, оның ішінде екі пленарлық отырыс, сондай-ақ 30-дан астам панельдік пікірталастар, дөңгелек үстелдер және қосымша сайд-ивенттер болды. 

4 қыркүйекте «Дамушы нарықтарға инфрақұрылымдық инвестициялар» тақырыбында пленарлық отырыс өтті. Сессияны АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров жүргізді. Спикерлер қатарында: ҚР премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия мен Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озхан, Brookfield компаниясының басқарушы серіктесі және Таяу Шығыс бойынша басшысы Джад Эллаун, сондай-ақ Reformatics басқарушы серіктесі Ника Гилаури болды. 

Сессия қатысушылары Қазақстанды өңірлік кейс ретінде қарастыра отырып, дамушы нарықтардағы инфрақұрылымға инвестиция тарту және энергетика, көлік пен цифрлық байланысты қамтитын ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға ұзақ мерзімді капитал тартуға ықпал ететін жағдайларды талқылады. 

5 қыркүйекте форумның екінші күнгі іскерлік бағдарламасын «Орталық Азияның қаржы нарықтарын нығайтудағы портфельдік инвестициялардың рөлі» тақырыбындағы пленарлық отырыс ашты. Сессияны АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров жүргізді. Спикерлер қатарында: ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов, ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев, Bank of New York Mellon аға атқарушы вице-президенті және халықаралық бөлім басшысы Хани Каблави, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов және Goldman Sachs серіктесі Рияд Юсуф болды. Қатысушылар портфельдік инвестициялардың Қазақстан қаржы нарығының дамуын жеделдетудегі және экономиканы әртараптандырудағы рөлін талқылады. 

Іскерлік бағдарламаның маңызды бөлігі – форумның басты спикерлерінің бірі – танымал футуролог, кәсіпкер және әлемдік бестселлерлердің авторы Бретт Кингтің қатысуы болды. 5 қыркүйекте ол Keynote speech форматында «Bank 5.0 – ЖИ, финтех және кванттық технологиялар банкингтің болашағын қалай өзгертуде» тақырыбында сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол форум қатысушыларына банк секторының болашағы және оны бүгіннің өзінде өзгертетін технологиялар туралы айтып берді. 

Сондай-ақ форум аясында Түркі мемлекеттері ұйымының жасыл қаржыландыру жөніндегі кеңесінің алғашқы отырысы және FEAS (Еуразиялық капитал нарықтары федерациясы) күзгі кездесулері, соның ішінде 42-ші Бас ассамблея отырысы және дөңгелек үстел-пікірталас өтті. 

AFD алаңында қаржы нарығы үшін жаңа қаржы құралдарын ұсынатын бірнеше листинг жарияланды. AIX биржасында келесі бағалы қағаздардың орналастырылуы туралы хабарланды: 

  • АХҚО қатысушысы – Tayyab Finance Sukuk SPC Ltd. исламдық автонесиелеуді дамыту үшін шығарған сукук листингі. 
  • «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы шығарған әлеуметтік облигациялардың дебюттік траншы. Орналастырудан түскен қаражат корпорация жұмысының стратегиялық бағыттарын, соның ішінде бизнесті қолдауды, индустриялық және агроөнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруды қаржыландыруға бағытталады. 
  • Jiaxin International Resources Investment Limited тау-кен компаниясының бағалы қағаздарын листингке шығару рәсімі өтті. Компания бір мезетте Гонконгтегі HKEX және Астанадағы Astana International Exchange алаңдарында IPO-ға шықты. Jiaxin Алматы облысындағы әлемдегі ең ірі вольфрам кен орындарының бірін игеріп келеді. 
  • Әлемде тұңғыш рет стейкинг функциясы бар, толықтай Solana (SOL) цифрлық активіне негізделген спот-ETF — Fonte Solana Exchange Traded Fund OEIC Plc листингке енгізілді. 

Сонымен қатар Astana Finance Days форумы қаржы нарығы қатысушылары арасында жаңа келісімдер жасалатын және инвестициялық нарық үшін маңызды бастамалар жарияланатын алаң ретіндегі мәртебесін сақтады. 4 қыркүйекте АХҚО Экспат орталығы базасында инвесторларды қолдауға арналған біріктірілген фронт-офистің іске қосылғаны жарияланды. Жаңа формат «бір терезе» қағидаты бойынша жан-жақты қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. 

Қол қойылған меморандумдар: 

  1. АХҚО Әкімшілігі мен Қатар қаржы орталығы Әкімшілігі – деректерді қорғау саласында ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумы. 
  1. АХҚО реттеушісі AFSA стейблкоиндарды (АҚШ долларына байланған) пайдалана отырып реттеушілік төлемдерді төлеу тетігін енгізу бастамасын жариялады. Көпжақты меморандумның алғашқы қолдаушысы – Bybit Limited компаниясы. 
  1. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығы (AIFB) – Қазақстанда исламдық қаржы құралдарын дамыту бойынша күш-жігерді біріктіру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум. 
  1. АХҚО Экспат орталығы мен «Эйр Астана» компаниясы – АХҚО алаңында шетелдік инвесторлар мен сарапшылар үшін елге кіру, тұру және бейімделу жағдайларын жақсарту бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумы. 
  1. АХҚО Академиясы мен Назарбаев Университет – ғылыми және білім беру байланыстарын нығайту және дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум. 
  1. АХҚО реттеушісі AFSA мен Моңғолия Қаржылық реттеу жөніндегі комиссиясы – өзара түсіністік туралы меморандум. 

Сондай-ақ форум алаңында басқа да бірқатар құжаттарға қол қойылды. 

Сонымен қатар, AFD форумы аясында бірден екі есеп таныстырылды: АХҚО мен Қытайдың Инновациялық қаржы институтының Орталық Азия мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға арналған бірлескен зерттеуі, сондай-ақ Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіне қатысты АХҚО-ның аналитикалық есебі. 

Айта кетейік, биылғы форумның ерекшелігі – AFD Exhibition Hub, Astana Finance Days бірыңғай көрме алаңы болды. Ол капитал нарығында және цифрлық инновациялар саласында жұмыс істейтін компанияларды біріктіріп, шешімдерді көрсетуге, нарықтағы позицияны нығайтуға және стратегиялық серіктестермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Экспоненттер қатарында ATAIX криптобиржасы,  AnchorX және LMAX Group финтех-компаниялары, Advanced Payment Solutions компаниясы, Alatau City Invest брокері, Halyk Finance инвестициялық компаниясы, Brillink цифрлық банкі және инвестициялар саласындағы мамандарға қаржылық білім беретін CFA Institute коммерциялық емес ұйымы болды. 

Форум ұйымдастырушысы – «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Global Financial Centres Index рейтингі бойынша Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі №1 қаржы орталығы. Astana Finance Days 2025 форумы Astana International Forum қолдауымен өтті және 28 серіктестің арқасында жүзеге асты, олардың ішінде: алтын серіктестер — Freedom Broker және KAZ Minerals, күміс серіктестер – Solidcore Resources, ITS және MYD Production, қола серіктестер – ERG, LMAX Group және Teniz Capital Investment Banking, индустриялық серіктес – Allur, криптосеріктес – Binance, финтех-серіктес – Mastercard, серіктестер – Al Safi Bank, Abylai Global Solutions, Emerald Capital Partners, RCS Group, Bitfinex Securities, Grata International, Halyk Finance, Fitch Ratings, Phillip Capital, Zubr Capital, Vitis Capital, White Hill Capital, Tabys Pro, Smart Capital Management, zypl.ai, Еуразиялық Банк және Solana Superteam KZ. 

Анықтамалық ақпарат 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz 

АХҚО баспасөз қызметі 

Айнұр Исабаева, баспасөз хатшысы 

Тел: +7 701 777 65 58 

E-mail: [email protected] 

AIFC Services Assistant