Astana Finance Days 2026 форумының өтетін күндері белгілі болды
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Astana Finance Days (AFD) 2026: Delivering Impact. Capital in Action форумының өтетін күндерін жариялады – іс-шара 2026 жылдың 9-10 қыркүйегінде Астанада өтеді. Форум банкирлерді, брокерлерді, инвесторларды, қаржы және технологиялық секторлардың, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік институттардың өкілдерін қоса алғанда, нарықтың кәсіби қатысушыларын біріктіреді.
2018 жылы алғаш өткізілген сәттен бастап Astana Finance Days өзін инвестициялар тарту, капитал нарықтарын нығайту және Қазақстанда жаңа бизнес-мүмкіндіктерді қалыптастыру үшін қаржы индустриясы көшбасшыларын бір алаңға жинайтын Еуразия аймағының негізгі қаржы форумы ретінде танытты.
Форумға қатысушылар әрдайым оның практикалық құндылығын атап көрсетіп келеді: алаң жаңа жобаларға, мәмілелерге және ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктерге айналатын өзара іс-қимылды жолға қоюға мүмкіндік береді. Мұнда бизнес өзіне серіктестер таба алады, қаржылық күн тәртібіндегі мәселелер шешіледі, ал қатысушылар саны жыл сайын артып келеді.
2025 жылы форум әлемнің 82 елінен 5 500-ден астам қатысушыны, соның ішінде жиынтық көлемі $1,5 трлн құрайтын активтерді басқарушыларды жинады. Бағдарлама 160 спикерді, 40-тан астам іскерлік іс-шараны, Astana International Exchange биржасындағы төрт жаңа листингті және жеті келісімге қол қоюды қамтыды. AFD 2025 спикерлерінің қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, қазақстандық және халықаралық банктер мен инвестициялық компаниялардың топ-менеджерлері, активтерді басқарушылар, реттеушілер, финтех-кәсіпкерлер және жаһандық қаржы нарығының пікір көшбасшылары, соның ішінде танымал футуролог, кәсіпкер және әлемдік бестселлерлердің авторы Бретт Кинг болды.
AFD 2026 бұл динамиканы практикалық шешімдерді әзірлеуге бағытталған терең талқылау форматында жалғастырады. Форум қатысушыларына жаһандық үрдістерді талдау, жаңа бизнес пен инвестициялық бағыттарды іздеу, қаржылық қызметтердің кәсіби көрмесін тамашалау, сондай-ақ инвесторлармен, топ-менеджерлермен және сала көшбасшыларымен іскерлік байланыстар орнату үшін мүмкіндіктер ашылады.
AFD 2026 басты тақырыптарының қатарында – капитал нарықтары және инвестициялық өнімдер; сенім инфрақұрылымы: реттеу, құқықтық орта және нарықтардың тұрақтылығы; институционалдық ауқымдағы инновациялар; экономиканың нақты секторын қаржыландыру; капитал нарықтарындағы өңірлік және трансшекаралық ынтымақтастық.
АХҚО экожүйесінің мүмкіндіктері мен артықшылықтарына жеке назар аударылмақ. Форум аясында компаниялардың өсу тарихынан бастап капиталды табысты тартуға және халықаралық нарықтарға шығуға дейінгі Орталықтың юрисдикциясында бизнесті дамыту кейстері ұсынылатын болады.
Форумның тағы бір маңызды тұсы AFD Exhibition болады – бұл қатысушылар өз шешімдері мен жұмыс нәтижелерін көрсететін көрме платформасы. Компаниялар үшін бұл нарықтағы позицияны нығайту және стратегиялық серіктестермен тікелей байланыс орнату мүмкіндігі.
Форум дәстүрлі түрде серіктестер мен демеушілердің қолдауы арқасында өткізіледі. 2025 жылы Freedom Broker, Solidcore Resources, ITS, MYD Production, LMAX Group, Teniz Capital Investment Banking, Allur, Binance, Mastercard және т.б. серіктестердің рөлін атқарған еді.
AFD 2026-ға демеушілер ретінде қатысуға нарықтағы позицияларды нығайтуды және қаржы саласының көшбасшыларымен стратегиялық серіктестіктер құруын көздейтін компаниялар шақырылады. Сондай-ақ компанияларды AFD Exhibition-ге қатысуға шақырамыз.
Қатысушыларды тіркеу және іс-шараның егжей-тегжейлі бағдарламасы форумның astanafindays.org ресми сайтында қолжетімді болады. Форумға қатысты жалпы сұрақтар бойынша [email protected], серіктестік мәселелері бойынша [email protected] электронды мекенжайға хабарласыңыздар.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
АХҚО баспасөз қызметі
Айнұр Исабаева, баспасөз хатшысы
E-mail: [email protected]