Астана зияткерлік орталықтардың әлемдік рейтингінде 46-шы орынға көтеріліп, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы үздік үштіктегі орнын сақтап қалды 

Астана Будапешт, Прага, Варшава, Мәскеу, Стамбул және т.б. қалалардан озып, 2-ші орынға тұрақтап, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы зияткерлік орталықтар көшбасшыларының үштігіндегі өз орнын сақтады. Зияткерлік орталықтар рейтингінің 11-ші шығарылымында (Smart Сentres Index — SCI 11) Астана қаласы 6-тармаққа көтеріліп, әлемде 46-шы орынға ие болды. SCI рейтингі жаһандық коммерциялық және қаржы орталықтарының ғылым, энергетика, жасанды интеллект, финтех және т.б. салаларда инновацияларды құру, енгізу және ауқымдау бойынша әлеуетін бағалайды. Астана алғаш рет рейтингке 2022 жылдың қараша айында кіріп, жалпы тізімде 64-орынға ие болған еді. 

Индекске сәйкес инновациялар STEM-нің барлық пәндері (жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия, математика) бойынша тиімділігі жоғары университет секторымен, ойластырылған реттеумен және қаржы мен коммерция саласындағы дамыған инфрақұрылыммен біріктірілген орталықтар жетекші орын алады. 

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Ренат Бектұров:  

«АХҚО алғашқы күндерінен бастап икемді реттеуді, қаржылық инфрақұрылымды және финтех-шешімдерді біріктіретін алаң ретінде құрылды. Бүгінгі таңда орталықта инновациялар мен цифрлық трансформацияны реттеу рәсімдері мен қағидаттары белсенді даму үстінде. Бұл – криптобиржалар қызметі, цифрлық активтер саудасы, краудфандинг. 2024 жылы АХҚО креативті индустрия саласындағы бизнесті қолдау, венчурлық саланы дамыту, сондай-ақ дербес деректерді қорғау және жасанды интеллектті пайдалану алаңына айналды. FinTech Lab реттеуші «құм жәшігінде» компаниялар өз өнімдерін сынақтан өткізіп жатыр, инновациялар орталығы ретінде Tech Hub-ты дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. AIFC Academy қаржы және экономика мамандарын нарық қажеттіліктеріне сәйкес оқытуда. Tabys App қолданбасы өнімдер желісін кеңейтеді және инвестицияларды кең аудитория үшін қолжетімді етеді».  

Бүгінгі таңда АХҚО экожүйесінде 85-тен астам елден 3900-ден астам қатысушы бар. 738 компания ақпарат және коммуникациялық технологиялар саласында жұмыс істейді. АХҚО сонымен қатар бірнеше краудфандинг платформалар мен криптовалюта биржаларының жұмыс істейтін алаңына айналды. Цифрлық активтер қызметтерінің 22 провайдері тіркелді, олардың ішінде екі криптовалюта жұмыстың толық реттеуші режиміне шықты. 

SCI индексі Дүниежүзілік банктің, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының және Біріккен Ұлттар Ұйымының көрсеткіштеріне негізделген 135 құралдық факторды қолдана отырып жасалған. Осы құралдық факторлар бойынша өлшемдер SCI онлайн-сауалнамасына қатысқан 296 респондент ұсынған 1772 бағамен біріктірілді.  

SCI 11-де барлығы 131 коммерциялық және қаржы орталығына талдау жасалды. Қорытынды рейтингке рейтингке қатысу үшін жеткілікті сараптамалық баға жинаған 76 орталық кірді. 

Анықтамалық ақпарат:   

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz   

AIFC Services Assistant