Банк ЦентрКредит AIX биржасында I-REC сертификаттарын сатып алған Қазақстандағы алғашқы банк болды

Банк ЦентрКредит (БЦК) Astana International Exchange биржасында I-REC сертификаттарын сатып алған Қазақстандағы алғашқы банк болды. Осылайша, банк өзінің орнықты даму қағидаттарына бейілділігін растады және Қазақстандағы орнықты қаржы құралдары нарығының дамуына өз үлесін қосты. 

Әсет Оңласов, АХҚО әкімшілігінің Өнімдер бойынша бас директоры: «Банк ЦентрКредит-тің AIX арқылы I-REC сертификаттарын сатып алуы – бұл қаржы институттарының Қазақстандағы жасыл ауысуға қалай ықпал ете алатынының жарқын мысалы. АХҚО-да біз ашықтыққа, орнықты дамуға және ұзақ мерзімді әсерге ықпал ететін нарықтық тетіктерді қолдайтынымызды мақтан тұтамыз».  

Арнұр Ибраев, Орнықты даму дирекциясының жетекшісі, CSO БЦК: «I-REC сертификаттарын сатып алуымыз – көміртегі ізін азайту және ESG-қағидаттарын банктің барлық үдерістеріне енгізу стратегиямыздың қисынды жалғасы. Біз орнықты дамуды қоғам мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің ажырамас бөлігі ретінде қарастырамыз.». 

Банктің бұл бастамасы банктің электр энергиясын тұтыну құрылымындағы «жасыл» энергияның үлесін 2024 жылы 16%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде 2-ші Қамту бойынша парниктік газдар шығарындыларын бағалау 2023 жылмен салыстырғанда төрттен бір есе төмендеді. 

Естеріңізге сала кетейік, I-REC немесе International Renewable Energy Certificate сертификаттары – бұл электр энергиясының жаңартылатын энергия көздерінен өндірілгенін құжат түрінде растайтын халықаралық танылған құрал. Мұндай сертификаттар 2024 жылдың қыркүйегінде AIX-те жауапты қаржыландыру өнімдерінің қатарына енгізіліп, биржадағы алғашқы экологиялық құрал болды, ал 2025 жылдың ақпанында алғашқы мәміле жасалды. 

Анықтама ретінде: 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz   

Astana International Exchange (AIX) 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz  

«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған екінші деңгейдегі қазақстандық банк. Банктің еліміздің барлық өңірлерінде 3 миллионнан астам жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін кең филиалдық желісі бар. www.bcc.kz  

AIFC Services Assistant