Дактилоскопиялық тіркеу енді АХҚО порталында бір-ақ батырманы басу арқылы қолжетімді

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Экспат орталығы дактилоскопиялық тіркеу (саусақ іздерін алу) қызметі АХҚО порталы арқылы тікелей қолжетімді екенін хабарлайды. Енді клиенттер Экспат орталығына бару үшін ыңғайлы уақытты брондап, белгіленген күн мен уақытта саусақ ізін тіркей алады. 

Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 40-VI Заңының 10-бабы 6-тармағына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына виза алу кезінде дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті. 

Дактилоскопиядан өту туралы куәлік рәсімнен кейін бірден беріледі және виза мен басқа құжаттарды одан әрі ресімдеу үшін пайдаланылуы мүмкін. 

Бізге келетін уақытыңызды АХҚО порталы арқылы бүгін жоспарлаңыз. 

AIFC Services Assistant