Экспат орталығының Loyalty club бағдарламасының жаңа серіктесі

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Экспат орталығының жаңа серіктесі – Master Coffee-ні қуана қарсы алады. Бұл серіктестік клуб қатысушыларына көбірек тиімді мүмкіндіктер ашпақ. 

Енді Loyalty карта иелері Master Coffee-нің бүкіл Қазақстан бойынша нүктелеріндегі сусындар мен тағамдардың барлық ассортиментіне ғана емес, сонымен қатар кофе дәндерінің таңдаулы сорттарына, капсулаларға, фирмалық аксессуарлар мен кофе дайындауға арналған жабдыққа эксклюзивті жеңілдіктерді пайдалана алады. Мұның бәрі https://mastercoffee.kz/ сайтында қол жетімді. 

Master Coffee-нің Loyalty club-қа қосылуы – кеңейіп келе жатқан экспаттар қауымдастығына ерекше артықшылықтарды пайдалану және жаңа таным көкжиегін ашады.  

Loyalty club тек жеңілдік картасы емес. Бұл – серіктестердің, бонустар мен локациялардың қарқынды дамып келе жатқан желісі. Клуб Астананы және оның бірегей мүмкіндіктерін жақсырақ тануға мүмкіндік береді. Жеңілдіктер мен серіктестердің толық тізімі туралы ақпаратты біздің сайттан таба аласыз. 

Адалдық бағдарламасының қатысушысы болу үшін АХҚО порталында тіркелу жеткілікті, ал картаны ресімдеу аз уақыт алады. 

Анықтама: 

АХҚО Экспат орталығының адалдық бағдарламасы – Қазақстандағы шетелдік қызметкерлер мен олардың отбасыларының өмірі мен жұмыс сапасын жақсартуға арналған жеңілдіктердің кешенді жүйесі. Аталмыш бағдарлама бірегей қызметтерге, жеңілдіктерге және мәдени іс-шараларға қол жеткізуді қамтамасыз етіп, елге тезірек бейімделуге және басқа шетелдіктермен, жергілікті қауымдастықпен берік байланыс орнатуға көмектеседі. 

Қазақстанда тұратын кез келген шетелдік маман және олардың отбасы бағдарламаға қатысушы бола алады және қатысу мүмкіндігі АХҚО-да тіркелген компаниялардың қызметкерлерімен ғана шектелмейді. 

AIFC Services Assistant