Экспат орталықтың Адалдық клубының жаңа серіктестері

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Экспат орталығы біздің Адалдық бағдарламамызға жаңа серіктестер қосылғанын қуана хабарлайды! Адалдық клубының мүшелері енді келесі мекемелерде эксклюзивті артықшылықтар мен бонустарды пайдалана алады:
- (1) Eva Wine & Cafe
- (2) Malena Bar
- (3) Lilou Bar
- (4) Selfie Restaurant
- (5) Na Kryshe Restaurant
- (6) Canadian International School
Біздің сенімді серіктестеріміз қатысушыларымызға дамып келе жатқан Экспат-қоғамдастығының бөлігі ретінде жайлы демалыс пен бірегей бонустар алу үшін одан да көп мүмкіндіктер береді.
Жеңілдіктер туралы толық ақпаратты және серіктестердің толық каталогын біздің сайттан таба аласыз.
Адалдық клубының мүшесі болу үшін АХҚО порталында өтініміңізді қалдырыңыз – картаны ресімдеу бірнеше минутты алады.
Анықтама ретінде:
Экспат орталықтың Адалдық клубы шетелдік азаматтардың Қазақстанда болуын жағымды, қызықты әрі алаңсыз етуге бағытталған. Біз таңдаулы қызмет көрсетушілердің әртүрлі артықшылықтары мен эксклюзивті ұсыныстарын, сондай-ақ мәдени іс-шаралар мен қоғамдастық құру мүмкіндіктерін ұсынамыз. Біздің бағдарлама экспаттарға жаңа ортаға интеграциялануға, маңызды байланыстар орнатуға және өз отанынан алыс болса да өз үйде жүргендей сезінуге көмектеседі.
Адалдық бағдарламасы Қазақстанда тұратын барлық шетел азаматтары мен олардың отбасы мүшелері үшін ашық және тек АХҚО қатысушыларын ғана қамтымайды.