Ескерту: AFSA құжаттарды қолдан жасап, өзін AFSA өкілі ретінде таныстыратын алаяқтар туралы хабарлайды

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) қолтаңбалар, мөрлер мен фирмалық стиль элементтері қолдан жасалған жалған құжаттарды пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің тіркелгенін хабарлайды. Бұл құжаттар AFSA ресми құжаттары ретінде жалған таныстырылып, таратылып жатыр.

Аталған әрекеттер жеке немесе заңды тұлғалар тарапынан жүзеге асырылып, олар өздерін AFSA өкілі ретінде таныстырып, жеке, қаржылық және басқа да құпия ақпаратты жинауға, сондай-ақ азаматтарды адастыру арқылы ақша қаражатын иемденуге тырысып жатыр.

AFSA жұртшылықты қырағылық танытуға шақырады және тек AFSA-ның ресми өкілдерімен ғана байланыс орнатуға, тексерілмеген интернет-ресурстардан аулақ болуға, сондай-ақ жеке, қаржылық немесе басқа да құпия ақпаратты күмәнді тұлғаларға, сайттарға немесе ұйымдарға беруден, олардың пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жасаудан бас тартуға кеңес береді.

Маңызды ақпарат:

  • AFSA-ның ресми сайты – afsa.aifc.kz. Браузер жолағында дәл осы URL мекенжайын қолданатыныңызға көз жеткізуіңізді сұраймыз.
  • AFSA үшінші тараптар, бейресми интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы ешқандай төлем, өтемақы немесе қайтарым жасамайды.
  • AFSA қолданатын барлық алымдар ресми сайттың https://orderly.myafsa.com/articles/feesrules бөлімінде жарияланған.
  • AFSA жеке хабарламалар, SMS немесе делдалдар арқылы ешқашан төлем сұрамайды.
  • AFSA АХҚО қатысушыларының заңдылығы мен мәртебесін afsa.aifc.kz сайты бойынша Жария тізілімде тексеруді ұсынады.
  • Барлық ресми хат алмасулар тек AFSA-ның ресми сайтында көрсетілген байланыс деректері арқылы жүргізіледі.

Егер сіз AFSA атынан жіберілген күмәнді хабарламалар, ұсыныстар немесе құжаттар алсаңыз немесе өзіңізді алаяқтықтың құрбаны деп санасаңыз:

  1. Хабарлама жіберушімен байланысқа түспеңіз;
  2. Жеке немесе қаржылық деректеріңізді бермеңіз;
  3. afsa.aifc.kz сайтындағы кері байланыс нысаны арқылы дереу хабарлаңыз;
  4. Егер сіз деректеріңізді жіберіп қойсаңыз немесе төлем жасаған болсаңыз — қызмет көрсететін банкіңізге және құқық қорғау органдарына дереу хабарласыңыз.AFSA АХҚО экожүйесінің тұтастығын және барлық мүдделі тараптардың мүдделерін қорғауға бейілді екенін атап өтеді.

AFSA АХҚО экожүйесінің тұтастығын және барлық мүдделі тараптардың қажеттілігін қорғауға бейілді екенін атап өтеді.

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 85 елден 4000-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected] 

AIFC Services Assistant