Eurasia Mining PLC компаниясы AIX биржасының ресми тізіміне енді

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Eurasia Mining PLC компаниясының (бұдан әрі «Компания») қарапайым акциялары (бұдан әрі «акциялар») листингке енгізілгенін және AIX-те сауда-саттыққа қабылданғанын қуана хабарлайды.

Компания 1996 жылдан бастап Лондон қор биржасының Баламалы инвестициялық нарығында тіркелген. Кросс-листинг аясында қосымша акциялар шығару жоспарланбаған.

AIX басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова: «Біз қарапайым акцияларын тіркеген Eurasia Mining PLC компаниясын AIX-те қарсы алуға қуаныштымыз. Бұл қадам Компанияға жаңа мүмкіндіктер ашады, атап айтқанда инвесторлардың кең базасын қамтамасыз етеді және оның аймақтағы танымалдылығын арттырады. Бұл ынтымақтастық кеңеюге ұмтылатын компаниялар үшін AIX биржасының өсіп келе жатқан тартымдылығын көрсетеді», – деп атап өтті.

Eurasia Mining PLC компаниясы Лондон қаласында орналасқан, асыл және түсті металдарды өндірумен айналысады. 1995 жылы негізі қаланған компания Урал өңіріндегі Батыс Кытлым аймағында платина және алтын өндіру жобаларын, және Кольский түбегінде никель мен мыс өндіретін жобаларды іске асырады.

Компанияның нарықтық капитализациясы шамамен £140млн құрайды, еркін айналымдағы акцияларының үлесі — 80.51%.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ ақпарат: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

AIFC Services Assistant