Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің өкілдері халықаралық қаржы орталығын құру тәжірибесін зерделеу мақсатында АХҚО-ға сапармен келді
Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Шерзод Озодзода бастаған ӨР Президенті Әкімшілігінің делегациясы Ташкент халықаралық қаржы орталығын (ТХҚО) қалыптастыру аясында халықаралық қаржы орталығын құру мен дамытудың практикалық тәжірибесін зерделеу мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) келді.
Сапар барысында АХҚО-ның институционалдық архитектурасына, ағылшын жалпы құқығы қағидаттарына негізделген оның құқықтық базасы мен реттеуші моделіне және тәуелсіз қаржылық қадағалау жүйесіне ерекше назар аударылды.
АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров қаржы орталығының құрылымын, оның органдарының қызметін және дамудың негізгі бағыттарын таныстырып, АХҚО-ның Қазақстан мен аймақтың инвестицияларын тарту және қаржы жүйесін дамыту платформасы ретіндегі рөлін атап өтті.иции и развития финансовой системы Казахстана и региона.

АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығында делегацияға тәуелсіз сот жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері, дауларды қарау практикасы және сот пен төрелік шешімдерді орындау тетігі көрсетілді. Инвесторлардың сенімін нығайту үшін құқықтық болжамдылық пен сот тәуелсіздігінің маңызы бөлек талқыланды.
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің (AFSA) өкілдері қонақтарды лицензиялау, қадағалау, салық режимі, трансшекаралық операциялар және инновациялық қаржы құралдарын дамыту қағидаттарымен таныстырды.
Сапар бағдарламасы шеңберінде делегация «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін және АХҚО-ның шетелдік қатысушыларына әкімшілік қолдау көрсететін Экспат орталықта болды.

Жеке блок АХҚО Жасыл қаржы орталығының (ЖҚО) қызметіне арналды. Бүгінгі таңда ЖҚО Қазақстанда орналастырылған барлық жасыл облигациялар мен кредиттердің шамамен 70%-ын верификациялады. ЖҚО Қазақстанда, Орталық Азияда және Кавказда жасыл қаржыландыру нарықтарын қалыптастыруда шешуші рөл атқарды, сондай-ақ Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Әзірбайжанда алғашқы жасыл облигацияларды шығаруға қолдау көрсетті.
Тур мен кездесулер барысында тәуелсіз реттеуші модель құру, ағылшын жалпы құқығының қағидаттарын пайдалану, тиімді сот инфрақұрылымын құру, капитал нарығын және тұрақты қаржыландыру құралдарын дамыту, сондай-ақ ұлттық реттеу органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.


«АХҚО инвестицияларды тарту және Қазақстанның қаржы жүйесін дамыту үшін орнықты институционалдық және құқықтық ортаны қалыптастырды. Салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде біз тәуелсіз соты, реттеушісі және биржалық инфрақұрылымы бар толыққанды экожүйе құра алдық. Қаржы орталығы іске қосылған сәттен бастап тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі, қатысушылардың тікелей инвестициялары мен борыштық капиталын қоса алғанда 20 млрд АҚШ долларынан асты. Біз жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдерді аймақтағы серіктестермен бөлісуге дайынбыз», – деп атап өтті АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров.
Делегация сондай-ақ Қазақстанның экономикалық жүйесінің эволюциясы мен елдің институционалдық реформалары көрсетілген Сенім мұражайын аралады.

Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты ынтымақтастықтың тұрақты динамикасын көрсетуде. 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында елдер арасындағы тауар айналымы $4,8 млрд құрады, бұл экономикалық өзара байланыстың жоғары деңгейін және инвестициялық өзара іс-қимылдың зор әлеуетін көрсетеді.
АХҚО юрисдикциясында өзбек капиталының қатысуымен 19 компания тіркелген, олар қаржы қызметтері, сақтандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және басқа да секторларда жұмыс істеуде.
Өзбек делегациясының бұл сапары екі елдің қаржы нарықтарын дамыту және Орталық Азияға инвестициялар тарту үшін заманауи институционалдық инфрақұрылымды қалыптастыру саласындағы өзара іс-қимылының стратегиялық сипатын растады, сондай-ақ сарапшылық диалог пен практикалық шешімдермен алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
АХҚО баспасөз қызметі
Айнұр Исабаева, баспасөз хатшысы
E-mail: [email protected]