Орнықты даму құралдары кейстері: АХҚО Жасыл қаржы орталығы 18 жобаны қолдады

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы (ЖҚО, Орталық) Қазақстан, Орталық Азия мен Кавказдағы орнықты қаржыландыру нарығын дамыту бойынша Орталықтың көп жылғы жұмысының көрінісі болған «Орнықты даму қаржы құралдарының кейсбугын» жариялады.
Кейсбукта АХҚО ЖҚО-ның жалпы сомасы 650 млн АҚШ долларынан асатын негізгі жобалары, сондай-ақ жасыл, әлеуметтік және орнықты облигациялар, сондай-ақ қарыздар сияқты орнықты қаржыландырудың тиімді құралдарына қатысты түсіндірмелер жинақталған. Бұл құралдарды компаниялар климаттың өзгеруіне қарсы күресте, кәсіпкер әйелдерді қолдауға, Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және Әзірбайжанда орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін белсенді пайдалануда.
2020 жылдан бастап ЖҚО 45 сыртқы есепті, оның ішінде екінші тараптың пікірлерін, CBI стандарты бойынша верификация туралы бір есепті дайындады, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжан эмитенттерінің жылдық есептерін верификациялады.
АХҚО ЖҚО жұмысы кейстерінің арасында:
Қазақстандағы алғашқы жасыл облигациялар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры
«Даму» КДҚ Қазақстандағы жасыл облигациялардың алғашқы эмитенті болды. Жасыл облигацияларды орналастырудан түскен қаражат 200 миллион теңге көлемінде 5 жылға борыштық қаржы беруге жұмсалды. Мақсат – Түркістан өңірінде қуаты 2 МВт күн электр станциясын салу үшін негізгі құралдар мен жабдықтарды сатып алу.
Қазақстандағы алғашқы корпоративтік гендерлік облигациялар, «Онлайн ҚазҚаржы МКҰ» АҚ (Solva)
Solva компаниясы 20 млрд теңгеге еліміздегі алғашқы корпоративтік гендерлік облигацияларды орналастырды. Орналастырудан алынған қаражат 100% көлемінде кәсіпкер әйелдердің бизнесін немесе микро, шағын және орта кәсіпорындарды қаржыландыру және/немесе қайта қаржыландыру үшін пайдаланылуда. Нәтижесінде 14 000-нан астам клиент үшін 31 млн теңгеден астам сомаға қарыз берілді. Олардың ішінде әйелдер басқаратын 97 компания, 11 140 кәсіпкер әйел және 3 554 өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер бар.
Қазақстандағы алғашқы субсидияланған жасыл облигациялар, «KazWind Energy» ЖШС
KazWind Energy Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Даму» қоры арқылы 3 млрд теңге сомасына субсидияланған жасыл облигацияларды орналастырған алғашқы компания. Қаражат «Қостанай облысының Арқалық ауданында қуаты 48 МВт жел электр станциясын салу» жобасын қаржыландыруға бағытталды. Эмитент жел электр станциясының құрылысын аяқтап, нысанды 2023 жылдың 12 желтоқсанында пайдалануға берді.
Қазақстан мен Орталық Азиядағы CBI сертификаттаған алғашқы жасыл облигациялар, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ
«Қазақстанның Даму Банкі» 15 млн АҚШ доллары сомасына Қазақстанда және Орталық Азияда CBI сертификаттаған алғашқы жасыл облигацияларды шығарды. CBI сертификаттаған жасыл облигациялардан түскен таза түсімдердің 100% Ақтөбе облысы Хромтау қаласының ауданында қуаттылығы шамамен 150 МВт жел электр станциясын салу және іске қосу жобасын қаржыландыруға бағытталды.
Әзірбайжандағы алғашқы жасыл облигациялар, «UNIBANK коммерциялық банкі» ААҚ
Әзірбайжандағы ең ірі жеке банктердің бірі Unibank Баку қор биржасында елдегі алғашқы 20 миллион манат сомасында (11,8 миллион АҚШ доллары) жасыл облигацияларды шығарды. Қаржыландырылатын жобалар туралы толық ақпарат алдағы есептерде жарияланады.
ЖҚО бас директоры Манас Гиждуаниев: «Кейсбук АХҚО Жасыл қаржы орталығы мен біздің әріптестеріміздің жұмысының аралық қорытындысын шығарудың нәтижесі болды. Онда аймақтағы жасыл, әлеуметтік және орнықты облигациялардың әртүрлі шығарылымдарының кейстері көрсетілген. Біздің мақсатымыз – Қазақстан мен Орталық Азиядағы орнықты қаржыландыру климаттың өзгеруіне қарсы күреске және әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған жобаларды қаржыландыруға жәрдемдесуге қабілетті тетік екенін көрсету», – деп атап өтті.
АХҚО ЖҚО орнықты қаржыландыру саласындағы жетекші халықаралық платформаларда, атап айтқанда ICMA-да (International Capital Market Association) және CBI-де (Climate Bonds Initiative) аккредиттелген Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз ұйым екенін атап өтеміз.
Кейсбуктағы орнықты даму құралдары туралы толығырақ сілтемесі арқылы танысуға бойынша.
Анықтама ретінде:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
АХҚО баспасөз қызметі
Айнұр Исабаева
Баспасөз хатшысы
Тел: +7 701 777 6558
E-mail: [email protected]